Қонаев маңындағы жағалауда балалар мінген автобус батпаққа батып қалды
Қонаев қаласының солтүстік жағалауында, "Лазурный берег" демалыс аймағының маңында жолаушылар автобусы батпаққа батып, өздігінен қозғала алмады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ТЖМ мәліметінше, автобуста 27 адам, соның ішінде 18 бала болған. Көмек көрсету үшін оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жіберілді.
"ТЖМ құтқарушылары автобусты батпақты жерден жедел шығарып алды, содан кейін көлік құралы қозғалысын жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ведомство.