Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жаңбыр, бұршақ және аптап: 13 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің болжамы бойынша, солтүстік циклон елдің батысынан шығысына қарай жылжып, өзімен бірге найзағайлы жаңбыр, желдің күшеюін ала келеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Тек Қазақстанның оңтүстігінде ғана ауа райы тұрақты ыстық болып қалады - күндіз термометр бағандары 37-42 градус ыстықты көрсетеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Астана - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 3-8, күндіз 9-14 метр секунд. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 29-31 градус жылы.

Алматы - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 метр секунд. Ауа температурасы түнде 21-23 градус жылы, күндіз 34-36 градус аптап. Іле Алатауы тауларында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) - өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, кей кездерде екпіні 15-20 метр секунд. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 23-28 градус жылы.

Шымкент - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 метр секунд. Ауа температурасы түнде 22-24 градус жылы, күндіз 38-40 градус аптап.

Ақмола облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 метр секундқа жетеді. Ауа температурасы түнде 8-13 градус жылы, күндіз 27-32 градус жылы, облыстың оңтүстігі мен шығысында 35 градус аптап. Көкшетау - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр секунд. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 27-29 градус жылы.Алматы облысы - облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың таулы аудандарында кей кездерде екпіні 15-20 метр секунд. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың таулы аудандарында 10-15 градус жылы, күндіз 33-38 градус аптап, облыстың солтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық, облыстың таулы аудандарында 23-28 градус жылы. Қонаев - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр секунд. Ауа температурасы түнде 22-24 градус жылы, күндіз 36-38 градус аптап.Жетісу облысы - күндіз облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 метр секунд. Ауа температурасы түнде 19-24, облыстың шығысында 28, таулы аудандарда 15 градус жылы, күндіз 34-39 градус аптап, облыстың солтүстігі мен шығысында 41 градус өте қатты ыстық, таулы аудандарда 30 градус жылы. Талдықорған - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 метр секунд. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 37-39 градус аптап.Түркістан облысы - облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл көтеріледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 метр секунд. Ауа температурасы түнде 22-27, таулы аудандарда 16 градус жылы, күндіз 38-43 градус аптап, таулы аудандарда 34 градус жылы. Түркістан - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, күндіз екпіні 15-20 метр секунд. Ауа температурасы түнде 23-25 градус жылы, күндіз 41-43 градус аптап.Батыс Қазақстан облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 метр секунд. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың батысы мен оңтүстігінде 23 градус жылы, күндіз 25-30 градус жылы, облыстың оңтүстігінде 35 градус аптап. Орал - күн бұлтты болады, күндіз жаңбыр жауады, кей кездерде нөсерлетіп, найзағай ойнап, бұршақ жаууы, дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 15-20 метр секунд. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 26-28 градус жылы.Атырау облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 7-12, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 метр секунд. Ауа температурасы түнде 20-25 градус жылы, күндіз 32-37 градус аптап. Атырау - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 7-12 метр секунд. Ауа температурасы түнде 23-25 градус жылы, күндіз 34-36 градус аптап.Маңғыстау облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың батысы мен орталығында екпіні 15-18 метр секунд. Ауа температурасы түнде 22-27, күндіз 35-40 градус аптап, облыстың батысында 30 градус жылы. Ақтау - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауатемпературасы түнде 23-25, күндіз 30-32 градус жылы.

Ақтөбе облысы - облыстың оңтүстігі мен орталығында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 7-12, күндіз облыстың оңтүстігі мен орталығында екпіні 15-18 метр секунд. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың солтүстік-батысында 12, оңтүстігінде 25 градус жылы, күндіз 31-36 градус аптап. Ақтөбе - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 5-10, күндіз екпіні 15 метр секунд. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 31-33 градус жылы.

Қостанай облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 18, күндіз 27-32 градус жылы. Қостанай - айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 29-31 градус жылы.Солтүстік Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, күндіз 25-30 градус жылы. Петропавл - айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 25-27 градус жылы.Павлодар облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 11-16, күндіз 28-33 градус жылы.Павлодар - айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 29-31 градус жылы.Қарағанды облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың оңтүстігінде 25 градус жылы, күндіз 31-36 градус аптап, облыстың оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық, облыстың солтүстігінде 28 градус жылы. Қарағанды - айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 8-13 метр секунд. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 31-33 градус жылы.Ұлытау облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 16-21 градус жылы, күндіз 31-36 градус аптап, облыстың оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық, облыстың солтүстігінде 28 градус жылы. Жезқазған - айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 5-10 метр секунд. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 32-34 градус жылы.Шығыс Қазақстан облысы - күндіз облыстың батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың шығысында 12, оңтүстігінде 25 градус жылы, күндіз 32-37 градус аптап, облыстың солтүстігінде, шығысында 28 градус жылы. Өскемен - айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 7-12 метр секунд. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 32-34 градус жылы.Абай облысы - күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың оңтүстігінде 25 градус жылы, күндіз 32-37 градус аптап, облыстың оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық, облыстың батысында, солтүстігінде 28 градус жылы.Семей - айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 32-34 градус жылы.Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-25 градус жылы, күндіз 37-42 градус аптап, облыстың солтүстігінде 33 градус жылы. Қызылорда - аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 37-39 градус жылы.Жамбыл облысы - күндіз облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, облыстың таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 21-26, облыстың таулы аудандарында 15 градус жылы, күндіз 37-42 градус аптап, облыстың таулы аудандарында 34 градус жылы. Тараз - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауатүнде ауа температурасы 21-23 градус жылы, күндіз 38-40 градус аптап

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus