Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда банкроттық ережелерінің маңызды тұсы түсіндірілді

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот ЖШС-де үлестің болуы Қазақстан азаматына сот арқылы банкроттық рәсімін қолданудан бас тартуға негіз болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ЖШС-дегі үлес бас тартуға себеп болды
Сотқа Х. есімді азамат сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішпен жүгінген.

"II топтағы мүгедек, онкологиялық аурумен ауыратын әйел өзін банкрот деп тануды сұраған. Оның берешегінің мөлшері 4,5 миллион теңгені құраған. Алайда бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар өтініш берушінің ЖШС жарғылық капиталында 25,9 пайыз үлесі бар екенін алға тартып, бас тартқан", - делінген хабарламада.

Кассациялық сот басқаша шешімге келді. Серіктестік іс жүзінде екі жылдан астам уақыт бойы жұмыс істемейтіні, ал оның барлық мүлкі небәрі 103 мың теңгеге бағаланғаны анықталған.
Өтініш берушінің үлесі 26 677 теңгені құрады, бұл 4,5 миллион теңге қарызды өтеуге жеткіліксіз екені анық. Сонымен қатар әйел ЖШС-ға қатысудан табыс таппаған, ал оның жалғыз күнкөріс көзі мүгедектігі бойынша берілетін жәрдемақы болған.

"Іс бойынша анықталған мән-жайларға сүйене отырып, заңды тұлғада үлестің болуының өзі сот арқылы банкроттық рәсімін қолданудан бас тартуға негіз болмайтыны танылды. Мұндай істерді қарау кезінде мүліктің нақты құнын және борышкердің нақты төлем қабілеттілігін ескеру қажет", - делінген хабарламада.

Қарау қорытындысы бойынша кассациялық сот төменгі сатыдағы соттардың шешімдерін бұзып, қазақстандыққа қатысты сот арқылы банкроттық рәсімін қолданды.
Тағы оқыңыз: Несие төлемін сот және коллекторсыз қалай азайтуға болады: нұсқаулық

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus