Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Бастапқы жарнасыз және мерзімі кешіктірілген төлемдер болса, ипотека алу мүмкін бе? Сарапшы пікірі

Алғашқы жарна салмай және бұрынғы кредиттер бойынша мерзімі кешіктірілген төлемдеріңіз болса, ипотека ала аласыз ба? Банктер неге өтінімнен бас тартады және оның мақұлдану мүмкіндігін қалай арттыруға болады? Бұл туралы Tengri Home авторлық бағанында консалтингтік компаниялардың бірінің басшысы, жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшы Айкүн Эгеру айтып береді.
Мерзімі кешіктірілген төлемдерден кейін ипотека алу мүмкін емес пе?
Бұл – кең таралған жаңсақ пікір. Төлем мерзімін өткізіп алу деректерінің өзі ипотекадан автоматты түрде бас тартылатынын білдірмейді. Банкте тек кредиттік тарих емес, сонымен қатар мына жайттар да бағаланады:

төлем мерзімі қанша уақыт бұрын кешіктірілді;
кешігіп төлеу ұзақтығы қанша;
берешек өтелді ме;
клиент қазіргі уақытта өз міндеттемелерін қалай орындап жүр;
табыс деңгейі;
қаржылық жүктеме.

Банктер мына жағдайларға ерекше назар аударады:

ұзақ уақыт бойы төлемнің кешіктірілуі;
сот арқылы өндіріп алу;
атқарушылық іс жүргізу;
қарыздарды есептен шығару;
қолданыстағы мерзімі өткен берешектің болуы.

Егер төлемді кешіктіру қысқа мерзімді болса және кейіннен қарыз алушы міндеттемелерін тиісінше орындаса, бұл анағұрлым жеңіл бағаланады.
Ең алдымен, барлық қолданыстағы берешекті толық жабу қажет. Содан кейін белгілі бір уақыт бойы барлық кредит пен міндетті төлемдерді уақытылы төлеп, тұрақты ресми табысты растау, борыштық жүктемені азайту және қажет болған жағдайда алғашқы жарнаны жинақтаған жөн. Мұның бәрі банктің шешіміне оң әсер етеді.
Алғашқы жарнасыз ипотека алуға бола ма?
Алғашқы жарнасыз ипотека рәсімдеуге болады.

Ол үшін банк қосымша қамтамасыз етуді - иелігіндегі жылжымайтын мүлікті кепілге қоюды талап етеді. Бұл ретте мұндай жылжымайтын мүліктің қарыз алушының меншігінде болуы міндетті емес. Басқа тұлға да кепіл беруші бола алады. Қосымша қамтамасыз ету болған жағдайда, кейбір банктер алғашқы жарнасыз ипотека беру мүмкіндігін қарастыруға дайын.
Дәйексөз авторын қосу


Сурет қосу



Айкүн Эгеру
жылжымайтын мүлік сарапшысы



Қалған жағдайлардың бәрінде алғашқы жарна міндетті шарт болып қала береді. Бұл Қазақстанда жұмыс істейтін мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына да қатысты. Бағдарламаға байланысты ең төменгі алғашқы жарна әдетте тұрғын үй құнының 10-нан 20 пайызына дейін болады және бұл қаражат қарыз алушының өз жинағы болуы тиіс.
Ипотеканың мақұлдану мүмкіндігін қалай арттыруға болады?
Ипотеканы мақұлдану мүмкіндігін арттыру үшін барлық қолданыстағы кредит пен мерзімі өткен берешектерді жабу қажет. Мысалы, егер сіздің табысыңыз 800 мың теңге болса, ал ипотека бойынша төлем шамамен 400 мың теңге болса, онда бұл жағдайда ағымдағы кредиттерді міндетті түрде жабу керек. Әйтпесе, сіздің борыштық жүктемеңіз табысыңыздан асып кетеді де, банк ипотекалық кредит беруден бас тартады.

Бірақ кредит бойынша ай сайынғы төлем, айталық, 50 мың теңге, болашақ ипотекалық қарыз - 400 мың теңге, ал сіздің ресми расталған табысыңыз 1,2 миллион болса, онда қолданыстағы кредитті жабу міндетті емес. Алайда төлемді кешіктірмеу өте маңызды. Тіпті үш-төрт күнге кешіктірсеңіз де, бұл "Бірінші кредиттік бюро" базасында көрініп тұрады және мақұлдау шешіміне әсер етеді.

Сондай-ақ алты ай бойы ресми табыстың болуы міндетті. Ресми табыс деген не? Бұл – зейнетақы аударымдарының бір жұмыс орнынан алты ай бойы үзіліссіз түсуі. Зейнетақы аударымдары табысты растайтындай деңгейде болуы тиіс. Айталық, ай сайынғы төлем 400–500 мың теңге болғанда, табыс 850 мың – 1 миллион теңге болуы керек. Бұл – шамамен алынған есептер. Нақты жеке есептеулерді тікелей банктен алу қажет.
Егер сіз барлық тармақ бойынша сәйкес келсеңіз, бірақ ресми табысыңыз сәл жетпей жатса, онда бір-екі қосалқы қарыз алушыны тартуға болады. Олар кредиттік тарихы жақсы және алты ай бойы үздіксіз ресми табысы бар адамдар болуы тиіс.
Банктер ипотекадан неге бас тартады?
Көбіне банктер адамның кредиттік тарихы нашар болғанда немесе алты ай бойы расталған ресми табысы болмағанда бас тартады. Кейде, мысалы, алғашқы жарнаңыз 50 пайыз болса, табысты растамай-ақ қарыз алуға болады. Егер алғашқы жарнаңыз 50 пайыздан аз болса, онда ресми табыс міндетті түрде талап етіледі.

Сондай-ақ, егер ерлі-зайыптының бірінің кредиттік тарихы нашар болса, бас тартуы мүмкін. Бұл ресми жарияланбаған тексеріс болғанымен, жұбайының мәліметтері тексерілуі мүмкін. Бұл да тікелей болмаса да, жанама түрде банктің бас тартуына әсер етуі ықтимал.

Егер асырауыңызда екіден көп кәмелетке толмаған бала болып, ал ресми табысыңыз аз болса, онда тағы да бас тартады. Бұл ретте сіздің шығындарыңыз, барлық кәмелетке толмаған балаға кететін шығындар, жұбайыңыздың табысы ескеріледі. Егер табыс ипотеканың ай сайынғы төлеміне сәйкес келмесе, бас тарту туралы шешім шығады.
Сондай-ақ, қарыз алушының жағдайы жақсы болса да, кепілге қойылатын мүлік белгіленген критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда несие беруден бас тартуы мүмкін. Мәселен, мүлікте заңдастырылмаған қайта жоспарлау жұмыстары жүргізілген болуы ықтимал. Банк мақұлдау берген соң, несиені рәсімдеуге әдетте 30 күн уақыт беріледі. Егер осы 30 күн ішінде банктің кепіл шарттарына сай келмейтін мүлікті таңдасаңыз, тіпті алдын ала мақұлдау алсаңыз да, несие беруден бас тартылады.
Қысқасы, ипотекадан бас тартса да, салыңыз суға кетпесін. Басқа нұсқаларды қарастыруға немесе келесі өтінімді беруге дайындалуға болады.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін
Автор туралы: Айкүн Эгеру - жылжымайтын мүлік саласының сарапшысы, кәсіпкер, қоғам қайраткері, консалтингтік компанияның басшысы.
Аударған: Дина Шәріпхан

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus