Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Банктер QR-төлемдерді біріктіреді: сатушылар мен сатып алушыларға не өзгереді?

Бірыңғай QR-код іске қосылғаннан кейін кәсіпкерлер кез келген банк клиентінен төлемді бір терминал арқылы қабылдай алады. Дегенмен, әзірге бірнеше POS-терминалдан жаппай бас тартылады деп күтуге болмайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бірыңғай QR енгізілген соң кәсіпкерлер кез келген банктің төлемін бір терминал арқылы қабылдау мүмкіндігіне ие болады. Жәленовтің айтуынша, қазір көптеген кәсіпкерде әртүрлі банктің екі, үш немесе одан да көп POS-терминалы орнатылған. Жаңа жүйе іске қосылғаннан кейін бұған қажеттілік жойылуы мүмкін, алайда түпкілікті шешімді бизнес өкілдерінің өзі қабылдайды.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары заңнамада бірыңғай QR жүйесіне қатысушылар үшін тарифтер принципі бекітілгенін еске салды.

"Кем дегенде, тарифтер қазіргі баламалардан жоғары болмауы тиіс. Оның үстіне, біз олар төмен болады деп күтеміз, өйткені банктердің QR-төлемдерге қызмет көрсету шығындары карточкалық транзакцияларға қарағанда әлдеқайда аз", - деді ол.

Жәленовтің сөзінше, төлем нарығы нарықтық принциптерге негізделгендіктен, Ұлттық банк банктер үшін тарифтер белгілемейді.

"Біз төлем нарығы бәсекеге қабілетті салалардың бірі деп санаймыз, ал бірыңғай экожүйені құру және жүйеаралық кедергілерді жою пайдаланушыларға ыңғайлы болады және тарифтердің төмендеуіне ықпал етеді", - деді Жәленов.

Сонымен қатар, Ұлттық банк бизнестің бірнеше терминалдан жаппай бас тартатыны туралы әзірге болжам жасауға дайын емес.

"Қазір кәсіпкерлер екі немесе үш терминалдан жаппай бас тартады деп айту қиын. Тәжірибе қалай қалыптасатынын көрейік. Біраз уақыттан кейін біз мониторинг нәтижелерін міндетті түрде бөлісеміз", - деп түйіндеді ол.

Бірыңғай QR-код қашан іске қосылады?
Қазақстанда бірыңғай QR-кодты толыққанды іске қосу 19 шілдеге жоспарланған. Жүйе сатушының қай банктің QR-кодын қолданатынына қарамастан, кез келген банктің қосымшасы арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді. Сервисті кезең-кезеңімен кеңейту 7 шілдеден басталды.
Бұған дейін Ұлттық банк бірыңғай QR банкаралық мобильді төлем жүйесі негізінде құрылатынын және ол әртүрлі банктердің бірнеше POS-терминалын орнату қажеттілігін жойып, нарық қатысушылары арасындағы бәсекелестікті күшейтуі тиіс екенін хабарлаған болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus