Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Талдықорғанда бір айға жуық уақытқа ыстық су өшіріледі

Талдықорғанда ауа температурасы 40 градустан асып тұрған шақта, 20 шілде мен 17 тамыз аралығында ыстық су болмайды. Бұл туралы ТengriНome қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.20 шілдеде Талдықорғандағы қазандықта жөндеу жұмыстары басталады, соған байланысты қалада ыстық су бір айға жуық уақытқа өшіріледі.

"Басқуат" қазандығы мен жылу желілерінде жоспарлы жөндеу-профилактикалық жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2026 жылдың 20 шілдесі мен 17 тамызы аралығында қала бойынша ыстық су беру уақытша тоқтатылады", - делінген әкімдік сайтында жарияланған хабарландыруда.

"Басқуат" қазандығы 1980 жылы іске қосылған, оның тозу деңгейі 72 пайыздан асады.
"Талдықорғанжылусервис" мәліметінше, қазандықта жыл сайын жылыту маусымына дайындық аясында жоспарлы жөндеу-профилактикалық жұмыстары жүргізіледі. Ыстық сусыз қалатын нысандар:

835 көппәтерлі тұрғын үй;210 бюджеттік мекеме;1 285 жеке тұрғын үй;1 322 өзге де тұтынушылар.


"Қазандықтың негізгі жабдықтары мен жылу желілеріне техникалық қызмет көрсетіліп, тозған бөлшектер ауыстырылады. Бұл алдағы қыс мезгілінде апаттық жағдайлардың алдын алуға және тұрғындарды сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді "Талдықорғанжылусервис" КМК директоры Абзал Жағыпаров.

Компания өкілдері тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Тағы оқыңыз:5 пайыздық ипотека - Талдықорғанда өтінімдер қабылдау басталады

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus