Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“ПСЖ“ мен “Реал“ жұлдыздары ӘЧ-2026 жартылай финалына жолдаманы сарапқа салады: матчті қайдан көруге болады?

Бүгін, шілденің 9-ынан 10-ына қараған түні футболдан әлем чемпионатының алғашқы ширек финалдық матчі өтеді. Алаңда Чемпиондар лигасының жеңімпазы - "Пари Сен-Жермен" клубының көшбасшылары кездеседі, деп хабарлайды Tengri Sport.
Франция және Марокко құрамалары арасындағы текетірес 10 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады.
Марокко - Франция: негізгі құрамда кімдер шығады?
Бірнеше инсайдердің мәліметінше, Парагвайға қарсы өткен жеңісті матчпен салыстырғанда, француздардың жаттықтырушысы бір өзгеріс жасайды: негізгі құрамда ПСЖ жұлдызы Дезире Дуэ клубтасы Брэдли Барколяның орнына шығады.
Марокколықтарға команданың үздік сұрмергені Исмаэль Сайбариді алмастыруға тура келеді - ол Канадаға қарсы 1/8 финалда жарақат алып қалды. Қалған позицияларда құрам өзгеріссіз қалуы ықтимал.
Франция: Майк Меньян, Люка Динь, Вильям Салиба, Дайо Упамекано, Жюль Кунде, Адриен Рабьо, Ману Коне, Дезире Дуэ, Майкл Олисе, Усман Дембеле, Килиан Мбаппе.
Марокко: Ясин Буну, Нуссаир Мазрауи, Чади Риад, Исса Диоп, Ашраф Хакими, Нейл Эль-Айнауи, Аюб Буадди, Билаль Эль-Ханнус, Аззедин Оунахи, Браим Диас, Суфьян Рахими.
Осылайша, алаңға Чемпиондар лигасының кейінгі екі маусымының жеңімпаздары сапындағы бірнеше жұлдыз бірден шығуы мүмкін: Марокко сапынан Хакими, ал Франциядан Дембеле мен Дуэ.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Achraf Hakimi (@achrafhakimi) жариялаған жазба














Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Ousmane Dembélé (@o.dembele7) жарияланымы


Бұдан бөлек, ойынға "Реал" мен Франция құрамасының басты жұлдызы Килиан Мбаппе қатысады. Ал оның тағы екі клубтасы - Конате мен Тчуамени қосалқы құрамнан ойынға қосылуы мүмкін.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kylian Mbappé (@k.mbappe) жариялаған жазба


Франция - Марокко: тікелей трансляцияҚазақстанда француз бен марокколықтар арасындағы матчтің трансляциясын Qazsport арнасы, сондай-ақ арна сайты тікелей эфирде көрсетеді.
Тікелей эфир Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады.
Бұған дейін БАҚ-та Килиан Мбаппеге қатысты дау туындаған болатын - парагвайлық сенатор оны "камерундық" деп атады, ал футболшы бұған жауап ретінде оны нәсілшіл деп айыптады.
Ал суперкомпьютер әлем чемпионатының болашақ жеңімпазын атады. Жасанды интеллектінің пікірінше, Франция құрамасының жеңіске жету ықтималдығы өте жоғары.
Сондай-ақ Португалия құрамасының жұлдызы Криштиану Роналду Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатынан шығып қалғаннан кейін мәлімдеме жасады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus