Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

ТЖД Ақтаудағы жігіттің денесін емші тапты деген ақпаратқа жауап берді

Әлеуметтік желілерде Каспий теңізінде туған күні жоғалып кеткен 18 жастағы Азамат Дүйсехановтың денесін халық емшісі тапқызды деген видео тарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Алайда Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство мұндай әңгімелер жұртты жаңылыстырып, бір апта бойы жүргізілген іздестіру жұмыстарына қатысқан мамандардың еңбегін жоққа шығаратынын айтты.
Видеода емші алдымен жоғалған жігіттің туыстары туралы сұрағаны айтылады. Бауыржан есімді туысы бар екенін естіген соң, қазанға анасының шашының бір талын және жігіттің киімін салып, оны теңізге тастау керегін айтқан. Оның сөзінше, содан кейін мәйіт су бетіне қалқып шығуы тиіс болған. Видеода туыстары бұл рәсімді 15 шілде күні таңертең орындап, ал түсте мәйіт табылғаны айтылған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

112 - Ақтау - Актау (@112_aktau) жариялаған жазба


Алайда ТЖД өкілдерінің мәліметінше, жігіттің денесі арнайы жоспар бойынша жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде табылған.
Марқұмның туыстары шынында да бақсы-балгерлер мен халық емшілерінен көмек сұраған. Бірақ олардың көрсеткен орындарының ешқайсысы нәтиже бермеген.

«Іздестіру кезінде туыстары құтқарушылардан бақсы-балгерлер мен халық емшілері айтқан бірнеше орынды тексеруді бірнеше рет өтінді. Отбасының ауыр жағдайын түсінген мамандар ол жерлерді де қарап шықты. Алайда олардың ешқайсысы расталмады», – деді Маңғыстау облысы ТЖД өкілдері.

Іздестіру-құтқару жұмыстары 7-15 шілде аралығында күн сайын таңнан кешке дейін жүргізілді. Оған құтқарушылар, Әскери-теңіз күштері, ҰҚК Шекара қызметі, еріктілер және өзге де қызмет өкілдері қатысты.
Іздестіру барысында қайықтар, эхолоттар, ұшқышсыз ұшу аппараттары, арнайы техника және Ми-8 тікұшағы пайдаланылды. Құтқарушылар күн сайын теңіз акваториясы мен жағалау аумағын түгел тексеріп отырған.

«Сондықтан әлеуметтік желілерде тараған "мәйіт қазан теңізге тасталғаннан кейін табылды" деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл іздестіру жұмыстарына қатысқан мамандардың бірнеше күндік еңбегіне көлеңке түсіреді. Азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге және расталмаған мәліметтерді таратпауға шақырамыз. Қазақстан заңнамасына сәйкес, жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылады», – деді ведомство өкілдері.

Видеоның астындағы пікірлерде жұрттың пікірі екіге жарылды. Бірі халық емшісінің айтқанына сенсе, енді бірі құтқарушылардың кәсіби жұмысының нәтижесі екенін алға тартты.
Еске сала кетейік, Азамат Дүйсеханов 18 жасқа толған күнінен бері жоғалғандар тізімінде болған еді. 7 шілдеде ол Ақтаудан шамамен 48 шақырым жерде орналасқан O'Mir курорттық қонақүйінің жанындағы жағалауда достарымен бірге туған күнін атап өткен. Оның денесі 15 шілдеде Ақтаудан 51 шақырым жерде, жағалаудан шамамен 10 метр қашықтықта табылды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus