Алдағы сайлау уақыттан ұтылмауға мүмкіндік береді - С.Сағиқызы, БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Елбасы Жарлығымен және Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Мәжіліс және жергілікті мәслихат депутаттарын сайлаудың 20 наурызға белгіленуі оңды шешім болды. Парламентке мерзімінен бұрын сайлау өткізу қазіргідей аумалы-төкпелі, дағдарыс құрсаған кезеңде ең алдымен уақыттан ұтылмауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Ақжайық ауданы Базаршолан ауылында тұратын мұғалім Сая Сағиқызы мәлім етті.