Алматыдан 339 шақырым жерде жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша 17 сағат 11 мин 42 секундта «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша 17 сағат 11 мин 42 секундта «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеншілер мен металлургтер Мәжіліс пен мәслихаттарға кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешімді қолдайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялық қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Қазпрофметалл» кен-металлургия салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылбек Нұралин мәлім етті.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының «Сағып» ШҚ құрт өндірісін дамыту мақсатында 100 бас ірі қара сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы агенттікке аталмыш шаруа қожалықтың иесі Төлеу Құшманова мәлім етті.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагинмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі М.Құсайыновтың төрағалығымен Өскеменде «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңын түсіндіру бойынша өңірлік семинар өткізілді.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында бүйрек және бауыр алмастыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табуда. Өткен жылы 24 науқасқа бүйрек алмастыру операциясы жасалса, жалпы бүйрек трансплантациясы басталғалы бері өңірде 57 ота жасалып, сәтті аяқталған. Ал бауыр алмастыру отасы 4 науқасқа жасалса, оның үшеуі Беларусь мамандарының қатысуымен өтіп, біреуі А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығынының мамандарымен бірлесе жасалды.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкекте Түрік академиясы 2015 жылы шығарған Алтай Республикасының ежелгі түрік жазба ескерткіштерінің атласының таныстырылымы өтті.
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының тамақ өнеркәсібі саласының кәсіпорындарын жаңғыртуға 9 млрд. теңге инвестиция жұмсалады. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы айырбастау пункттерінде 1 доллар 390 теңгеден сатылуда.
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 қаңтарда Екібастұз қаласынан 35 шақырым жерде жүк көлігінің бак және қозғалтқыш жүйесінде жанар-жағар май қатып қалған. Көлік Бішкектен Новосібірге бағыт алған, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен.
АСТАНА. Қазақпарат - Елбасының Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлығын біз толықтай қолдаймыз. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялық қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов мәлім етті.
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Күрделі экономикалық жағдайға қарамастан алматылық кәсіпкерлерге «Жібек жолы» бағдарламасы арқылы 4 млрд. теңгеге қаржылай қолдау көрсетіледі. Бұл сома Алматы қаласының әкімдігі мен «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту» АҚ тарапынан теңдей бөлінеді.
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Елбасы Жарлығымен және Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Мәжіліс және жергілікті мәслихат депутаттарын сайлаудың 20 наурызға белгіленуі оңды шешім болды. Парламентке мерзімінен бұрын сайлау өткізу қазіргідей аумалы-төкпелі, дағдарыс құрсаған кезеңде ең алдымен уақыттан ұтылмауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Ақжайық ауданы Базаршолан ауылында тұратын мұғалім Сая Сағиқызы мәлім етті.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу биржасында доллар мен еуро алдыңғы сауданың жабылуына қарағанда өсті. Мәскеу уақытымен сағат 11:30 доллар 84,2 рубльге дейін, еуро 91,7 рубльге дейін артты, деп хабарлады Би-би-си.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы қоғамдық және жолаушылар көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасында 146 адам қаза болды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті баспасөз қызметінен хабарланды.
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Былтыр алкогольдік және есірткілік мас күйінде көлік құралын басқарғаны 27 мыңнан астам адам әкімшілік жазаға тартылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті баспасөз қызметінен хабарланды.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің хабарлауынша, жіті респираторлық вирустық инфекцияны (ЖРВИ) жұқтыру бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып қалады.
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы Қазақстан Республикасының жолдарында және елді мекендерінде 18 890 жол-көлік оқиғасы тіркелген, онда 26 508 адам зардап шеккен. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті баспасөз қызметінен хабарланды.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы орталық мемлекеттік органдардың бірі болып Инвестициялар және даму министрлігі этика жөніндегі уәкіл тағайындады. Енді бұл министрліктегі этика жөніндегі уәкіл - Тимур Серікұлы Тоқтабаев болады. Бұл туралы Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында ведомствоның кадр жұмыстары жөніндегі департаментінің директоры Марат Иғали мәлім етті.
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі 2016 жылдың егістік науқанына дайындықты бастады. Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру кезіндегі Холдингтің негізгі міндеті - несие ресурстарын алу үшін отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің мүмкіндіктерін барынша кеңейту. Осы мақсатта «ҚазАгро» екінші деңгейлі 11 банктің өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы холдингтің баспасөз қызметінен хабарланды.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттарын мерзімінен бұрын сайлауға қоғамды дайын деуге болады. ҚР Президентінің Жарлығына орай, өз пікірін білдірген белгілі сарапшы, заң ғылымдарының докторы Марат Башимов ҚазАқпарат тілшісіне осылай мәлімдеді.
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 80 мыңға жуық тұрғыны бар Жаңақорған ауданында уақыт өткен сайын салынып жатқан құрылыс нысандарының саны артуда.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі қиындықтарды еңсеру үшін бізге білімді де білікті депутаттар керек. Елбасы Н.Назарбаевтың ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындауға байланысты халыққа үндеуіне орай пікір білдірген Ұлттық зерттеулер институтының директоры Бөріхан Нұрмұхамедов осылай деді.
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- WhatsApp мессенджері және әлеуметтік желілер арқылы ажалды тұмау туралы таратылған жалған ақпарат бойынша Қазақстанда тексеру жүргізіліп жатыр.