Әлем чемпионатының 1/4 финалында кездесетін екінші жұп анықталды
Норвегиялықтар Бразилиямен өткен матчте 2:1 есебімен жеңіске жетіп, Эрлинг Холандтың дублінің арқасында турнирдің үздік сегіз командасының қатарына енді. Форвард 79-шы және 90-шы минуттарда гол соқса, бразилиялықтар сапынан Неймар пенальтиді сәтті орындады.
Ал ағылшындар Мексикадан 3:2 есебімен басым түсті. Матч барысында екі пенальти белгіленіп, бір қызыл қағаз көрсетілді.
Осылайша, әлем чемпионатының 1/4 финалында кездесетін екінші жұп анықталды — Норвегия мен Англия. Матч 12 шілдеде Қазақстан уақытымен сағат 02:00-де өтеді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
FIFA World Cup (@fifaworldcup) жариялаған жазба
6-нан 7 шілдеге қараған түні әлем чемпионатының 1/8 финалының тағы екі матчі өтеді: Португалия Испаниямен, ал Бельгия АҚШ-қа қарсы ойнайды.
Бұған дейін өзбекстандық рефери Ильгиз Танташев 10-нан 1 балл алған болатын. Мұндай төмен бағаны француздық L'Équipe басылымы оның ӘЧ-2026 1/8 финалындағы Франция мен Парагвай арасындағы матчке төрелік еткені үшін берді.