Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Дембеленің хет-тригі Франция - Норвегия матчінің тағдырын шешті

Маусымның 26-сынан 27-сіне қараған түні Франция құрамасы І тобының соңғы турында Норвегия командасын жеңді, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Матч "Джиллетт" стадионында (Массачусетс, АҚШ) өтті.
Еске салайық, топтың алғашқы матчінде француздар ең төмен есеппен жеңген болатын. Алдымен Сенегалды, ал екінші төрт сағаттық матчте Иракты тізе бүктірді.
Норвегияға келетін болсақ, олар да сенегалдықтарды (3:2) және ирактықтарды (4:1) айқын басымдықпен жеңген болатын.
Айта кетейік, қос команда да келесі кезеңге өтіп қойған. Топ көшбасшысы кесте бойынша 1/8 финалда немістермен кездессе, екінші орын иегері дәл осы кезеңде Бразилиямен ойнайды.
Матч барысы
Франция есепті 7-минутта-ақ ашты: шабуылшы Усман Дембеле жақын қашықтан допты қақпаның сол жақ бұрышына дәл бағыттады.
20-минутта француздар басымдықты еселеді, ал Дембеле айып алаңының сыртынан керемет соққы жасап, дубльдің авторы атанды.
Алайда келесі, 21-минутта, норвегиялықтар есеп айырмасын қысқартты: жартылай қорғаушы Тело Осгор қарсыластың айып алаңында пас алып, допты қақпаның бергі бұрышына тулатты.
32-минутта Франция үшінші голын соқты, ал "Алтын доптың" қазіргі иегері хет-трик жасады. Шабуылшы Норвегия қорғаушысының астынан допты қақпаның алыс бұрышына шиіре салды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

433 (@433) жарияланымы


Екінші таймның 60-минутында норвегиялықтар пенальти тебу құқығына ие болып, екінші голды соғып, есеп айырмасын азайтуға мүмкіндік алды. Алайда шабуылшы Йёрген Странн Ларсен ортаға тепсе, француз қақпашысы Майк Меньян соққыны қайтара білді.
Кездесу аяғында, 90+4-минутта Дезире Дуэ қапталдан асырылған допты басымен түйіндеп, есепті ойсыратты.
Матчтің қорытынды есебі — 1:4, Франция құрамасы жеңіске жетті.
Осылайша, француздар турнир кестесінде бірінші орынға жайғасса, норвегиялықтар екінші сатыны иеленді.
Параллель өткен матчте Сенегал Иракты ойсырата жеңіп (5:0), соғылған және өткізілген голдар айырмасын жақсартты да, үшінші орынға тұрақтады. Африкалықтар 3-орынмен плей-оффқа шығуы мүмкін, бірақ олар басқа топтардағы келесі матчтердің нәтижесін күтеді.

Скриншот: flashscorekz.com
Мундиальдағы келесі кездесулер: Кабо-Верде мен Сауд Арабиясы, Уругвай мен Испания, сондай-ақ Жаңа Зеландия мен Бельгия, Мысыр мен Иран арасындағы ойындар 27 маусымда таңертең Қазақстан уақытымен сәйкесінше 05:00-де және 08:00-де өтеді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus