Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Әлемдік техногиганттар миллиардтаған долларлық қазақстандық жобаға қызығушылық танытты

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов "Деректерді өңдеу орталықтарының (ДӨО) алқабы" ауқымды жобасының егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет басшысының айтуынша, деректер орталықтары жасанды интеллект пен цифрлық қызметтерді және жаңа деректер экономикасын дамытудың негізгі инфрақұрылымына айналады. Осыған байланысты Қазақстан үшін сыртқы есептеу қуатын пайдалану ғана емес, сонымен қатар өз инфрақұрылымын құру да маңызды.

"Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органның деректері Астана қаласында бір ДӨО-да сақталып жатыр. Ол ДӨОнің қуаттылығы 6 МВт. Ал біз қазіргі уақытта Екібастұзда жүргізіліп жатқан жұмыстың арқасында келесі жылдың бірінші жарты жылдығында 125 мегаваттық ДӨО-ны іске қосамыз. Және 2028 жылы дәл осындай 125 мегабаттық тағы бір ДӨО-ны іске қосамыз деген жоспарларымыз бар. Біз бұл жұмысты әрі қарай да жалғастырамыз", - деді Олжас Бектенов.

Бұл бағытқа халықаралық технологиялық компаниялар қызығушылық танытып отыр. Атап айтқанда, стратегиялық серіктесі NVIDIA болып саналатын Firebird-пен келісімдерге қол жеткізілді. Қарастырылып отырған инвестиция көлемі шамамен 10 миллиард доллар болады.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі заманда есептеу қуаттарына, деректер мен байланыс арналарына бақылау жасау мемлекеттердің тәуелсіздік деңгейін айқындайтынын атап өткен болатын.

"Есептеу қуатын, деректерді және байланыс арналарын бақылауда ұстау айрықша өзекті. Қазіргі заманда мұны өзгелерден тәуелсіз болудың бұлжымас қағидасы десек, артық айтқандық емес. Бізге жасанды интеллект пен "бұлтты" технология қызметтеріне арналған инфрақұрылымдық базаны дамыту керек. Осы бағыттағы басты жоба – "Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын" құру ісін жүйелі жүргізу қажет", - деді Президент Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысында.

Сол кезде ол үкіметке "ДӨО алқабы" жобасының негізгі параметрлерін халықаралық стандарттар мен негізгі ойыншылардың талаптарына сәйкес кешенді түрде пысықтауды тапсырды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus