Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Түркияның алғашқы жеңісі және тең ойын: Әлем чемпионаты матчтерінің қорытындысы

26 маусымдағы футболдан әлем чемпионатының ойын күні D тобындағы кездесулермен аяқталды. Турнир қожайындары – америкалықтар Түркияға қарсы ойнаса, Австралия мен Парагвай екінші орын үшін таласқа түсті, деп хабарлайды Tengri Sport.Қатарынан екі жеңілістен кейін Түркия құрамасы топтан шығу мүмкіндігінен айырылып қалған болатын, сондықтан АҚШ-қа қарсы ойында "есікті қатты жауып" кетуді көздеді. Ал Австралия мен Парагвай үшін өзара кездесуде тең есеп тиімді еді: жеңіліс командалардың бірінің топтан шығуына қауіп төндірсе, тең ойын екеуін де плей-оффқа алып шығатын.
Түркия құрамасы ӘЧ-2026-дағы алғашқы голын соқты
Топтық кезеңнің алғашқы екі турының ең таңғаларлық статистикалық көрсеткіштерінің бірі түрік футболшыларының жолы болмауымен байланысты. 62 соққы және 0 гол – сәттерді пайдаланудың төмен көрсеткіші.
Америкалықтармен матчте сәтсіздіктер сериясын еңсерудің сәті түсті – 10-минутта "Реалдың" жартылай қорғаушысы Арда Гюлер гол соқты. Рас, АҚШ сапынан Остон Трасти кездесудің 3-минутында-ақ есеп ашқан болатын.31-минутта Оркун Көкшюдің күшімен Түркия құрамасы алғаш рет алға шықты.
Америкалықтар екінші таймда есепті теңестірді – 49-минутта Себастьян Берхалтер төменгі бұрышқа дәл соққы бағыттады.
Бірақ қосымша уақытта Каан Айхан жақын қашықтықтан түріктердің ұзақ комбинациясын түйіндеп, америкалықтарды турнирдегі алғашқы жеңілісіне ұшыратты.
Матч қорытындысы - 3:2.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

@millitakimlar жарияланымы


Нөл де нөл - көңілсіз есеп
Екі командаға бар болғаны үш дәл соққы және таблодағы 0:0 есебі – Парагвай - Австралия матчінің жанкүйерлері үшін көңіл көншітпейтін бірінші тайм қорытындысы осындай болды. Алайда осы құрамалардың жанкүйерлері үшін дәл осы нәтиже – плей-оффқа шығудың кепілі.
Екінші таймда соққылар саны артқанымен, нәтиже өзгеріссіз қалды.
Матч қорытындысы - 0:0.
D тобындағы командалардың жағдайы

АҚШ - 6 ұпай;
Австралия - 5 ұпай (айырмашылық - 0);
Парагвай - 5 ұпай (айырмашылық - 2);
Түркия - 3 ұпай.

Айта кетейік, АҚШ құрамасы плей-оффқа бірінші орынмен шықты және 1/16 финалда Босния және Герцеговина командасымен ойнайды. D тобындағы басқа командалардың қарсыластары кейінірек анықталады.
Тунистің жарыс жолынан шығуы және Жапония мен Нидерландының плей-оффқа өтуі: ӘЧ-2026 матчтарына шолу

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus