Астанадағы Нұржол бульвары жөндеуге жабылады
Хабарламада 2026 жылғы 25-27 маусым аралығында Нұржол желекжолында Ақмешіт көшесінен Қазақ радиосы көшесіне қарай бағытта жол жөндеу жұмыстары жүргізілетіні, соған байланысты көлік қозғалысы толығымен тоқтатылатыны айтылған.
"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлауды және жол қозғалысын ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - деп мәлімдеді әкімдік.