Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Apple құрылғылары 100-300 доллар қымбаттады

Apple компаниясы MacBook, iPad және басқа да бірқатар құрылғы бағасын көтерді. Компания мұны жад чиптері мен жинақтауыштар құнының күрт өсуімен түсіндірді, деп хабарлайды Tengri Life тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Қымбаттау әзірге Apple-дің табыс әкелетін негізгі өнімі iPhone-ға әсер еткен жоқ. Десе де, iPad пен MacBook бағалары өсті.

Атап айтқанда, Apple ноутбуктерінің ең қолжетімді моделі MacBook Neo-ның бастапқы бағасы 599-дан 699 долларға дейін көтерілді. 512 гигабайттық MacBook Air 1099-дан 1299 долларға, ал 1 терабайттық MacBook Pro 1699-дан 1999 долларға дейін қымбаттады.

128 гигабайттық iPad Air бұрынғы 599 доллардың орнына енді 749 доллар тұрады. Сондай-ақ Apple HomePod ақылды колонкасының екі нұсқасы мен Apple TV приставкасының да бағасын өсірді.

ЖИ әсері

Reuters мұны жад өндірушілері жеткізілімдерді ЖИ-индустриясының ірі тапсырыстары үшін барған сайын көбірек резервтеуімен түсіндіреді. Мұндай сатып алушылар қатарында дата-орталықтарға чиптер қажет Nvidia және басқа да компаниялар бар. Осы жағдайда смартфон, ноутбук және планшет өндірушілеріне жадты бұрынғы бағамен сатып алу қиындай түсті.

TrendForce мәліметінше, 2026 жылдың бірінші тоқсанында DRAM-жад бағасы екі есеге жуық өскен, ал екінші тоқсанда тағы 58–63 пайыз көтерілуі мүмкін.

Apple компаниясы компоненттер қымбаттауының сатып алушыларға әсерін барынша тежеуге тырысқанын, бірақ енді бағаны көтеруге мәжбүр екенін мәлімдеді.

iPhone да қымбаттайды

Әзірге iPhone бағасы өскен құрылғылар тізіміне енген жоқ. Алайда Reuters сауалнама жүргізген сарапшылар Apple смартфондарының бағасы сәл кейінірек - жаңа желінің күзгі тұсаукесеріне жақын көтеріледі деп есептейді.

Құрылғылардың қымбаттауы туралы жаңалық аясында Apple акциялары шамамен 5 пайыз төмендеді. Apple-дің ноутбук нарығындағы бәсекелестерінің бірі Dell акциялары 8 пайыздан астамға құлдырады.

Бұған дейін біз жад бағасының қымбаттауы Қазақстандағы Apple өнімдерін сатып алушылар үшін нені білдіруі мүмкін екенін егжей-тегжейлі талдаған едік. Шетелдік сарапшылар болжамын зерттеп, ықтимал сценарийлерді теңгемен есептеп шықтық және неге iPhone-ның АҚШ-тағы бағасы валюта бағамы бойынша қарапайым аудармаға ешқашан сәйкес келмейтінін сарапшыдан сұрадық.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus