Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Кейбір қазақстандықтар үшін жастық шақ ресми түрде 44 жасқа дейін ұзартылды

Қазақстанда жас ғалым мәртебесін алудың жас шектеуі ұзартылды. Енді ғылыми өтілі 10 жылдан аспаған жағдайда, 44 жасқа дейінгі (қоса алғанда) зерттеушілер мемлекеттік гранттарға, шәкіртақыларға және өзге де қолдау шараларына үміткер бола алады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
24 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қабылданған түзету туралы хабарлап, енді бұрынғыдан да көп зерттеуші жас ғалымдарға арналған мемлекеттік гранттарға, шәкіртақыларға және басқа да қолдау шараларына ие бола алатынын түсіндірді.

"Біздің түзетуіміз қабылданды. Бұған дейін қалай еді және неге бұл үлкен проблема болды? Көптеген зерттеуші PhD дәрежесін 30-32 жас шамасында алады, ал медицина сияқты ұзақ даярлықты қажет ететін бағыттарда бұл кезең одан да кеш келеді. PhD докторы атанып, нағыз тәжірибе жинап, үлкен зерттеулерді бастаған шағында ғалымдар 35-ке толып үлгеретін. Салдарынан ең өнімді жұмыс істейтін шағында олар жас ғалымдарға арналған мемлекеттік гранттардан, стипендиялардан, тіпті баспана бағдарламаларынан қағылып қалатын. Осы жасанды шектеудің кесірінен қаншама дарынды маман ғылымнан кетіп қалды. Енді біз бұл әділетсіздікті өзгерттік", - деп хабарлады Аймағамбетов өзінің Telegram-арнасында депутаттар ұсынған норманың қабылданғаны туралы айта келе.

Жаңа нормаларға сәйкес, ғылыми жұмыс өтілі 10 жылдан аспайтын 44 жасқа дейінгі (қоса алғанда) зерттеуші жас ғалым болып есептеледі.
Бұл өзгеріс нақты не береді?
Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, миллиардтаған теңге бөлінетін жас ғалымдарға арналған арнайы мемлекеттік гранттық конкурстарға енді 44 жастағы зерттеушілер де тең құқылы қатыса алады (басты шарт – ғылыми жұмыс өтілінің 10 жылдан аспауы).

"Арнайы стипендиялар. Жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендияларды иеленуге толық құқық беріледі. Басқа да артықшылықтар. Жаңа заң ғалымдарымызға жаңа серпін береді. Біз мәселе көтерсек, оны заңдағы нақты нормалар арқылы шешеміз", - деп атап өтті Мәжіліс депутаты.

Баспана, гранттар, тәжірибелер - Тоқаев жас ғалымдарға қандай қолдау көрсетіліп жатқанын айтты
Еске сала кетейік, биыл сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген болатын. Ол мемлекеттің ғылым саласына үнемі қолдау көрсетіп жатқанын еске салды. Сол кезде Мемлекет басшысы талапты әрі талантты азаматтар келешекте ұлттың шамшырағына айналатынын атап өткен еді. Олар Қаныш Сәтбаев сияқты алып тұлғалардың жолын жалғайды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus