Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Көлік лизингі және АҚШ-қа тікелей рейстер. Президент бірнеше маңызды заңға қол қойды

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше маңызды заңға қол қойды. Құжаттар баспасөзде жарияланады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Бұған дейін хабарланғандай, аталған заң ғылыми-техникалық саланы жан-жақты қолдауға және зерттеушілердің әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға бағытталған. Құжат ғылымды қажет ететін аумақтардың, технопарктер мен ғылыми қалашықтардың құқықтық мәртебесін бекітеді, Ұлттық ғылым академиясының жұмысын жаңғыртады және дәрі-дәрмек қолжетімділігін арттыру шараларын енгізеді.

Сондай-ақ Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне машина жасауды дамыту және көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Құжат қазақстандық машина жасау саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру, жаңа технологияларды енгізу, кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін ұлғайту және өнімнің ел ішіндегі құндылығын өсіру шараларын қарастырады. Атап айтқанда, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер үшін утиль алымын төлеу бойынша өзара есепке алу тетігін енгізу ұсынылады.

Заң жеке тұлғаларға арналған лизинг шарттарын, соның ішінде лизингтік компанияларға қойылатын талаптарды және айыппұл санкцияларының мөлшеріне шектеулерді реттейді.

Түзетулердің бір бөлігі авиация саласына қатысты. Бұған дейін Сенатта талқыланғандай, өзгерістер ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттармен және АҚШ-тың Федералдық авиация әкімшілігінің талаптарымен үйлестіруге бағытталған. Бұл Қазақстанға Халықаралық авиациялық қауіпсіздікті бағалаудан өтуге мүмкіндік береді және Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасында тікелей әуе қатынасын ашу үшін қосымша жағдайлар жасайды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Заңдар мәтіні баспасөзде жарияланады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus