Қарсы бағытпен жүрген: Өскеменде жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жазаланды
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Шығыс Сақшылары (@eastkazpolice) жариялаған жазба
"Азаматқа қатысты бірнеше бап бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды. Түпкілікті шешім қабылданғанға дейін оның автокөлігі мамандандырылған тұраққа қойылды", - деп хабарлады полиция.
Енді қауіпті жүргізуді ұнатқан азаматтың алдағы тағдырын сот шешеді. Полиция ол жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін екенін атап өтті.
Бұған дейін ақылы тасжолда мемлекеттік нөмірін жасырмақ болған жүргізуші қамауға алынғаны хабарланған болатын.
Тағы оқыңыз: Абай облысында той кортежінің жүргізушілері жазаланды