Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Павлодардағы жағалауда полицей жұртты таңғалдырды

Әлеуметтік желілерде Павлодардың Орталық жағалауында түсірілген видео танымалдылыққа ие болып жатыр. Бейнежазбада полицей композитор Тойғар Ышықлының "Kara Sevda" телехикаясындағы туындысын фортепианода орындайды, деп хабарлайды Tengri Life.
Ерекше өнер өтіп бара жатқан тұрғындар назарын аударды. Бейнежазбадағы азамат кіші сержант Ислам Саттаров болып шықты. Полиция департаменті мәліметінше, қызметкер бастапқыда концерт қоюды жоспарламаған.

"Бастапқыда кіші сержант өзі үшін ойнамақ болған, алайда әуенді кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар естіп, күтпеген перформансты жылы қабылдаған. Ал шебер орындалған туындының видеосы әлеуметтік желілерге лезде тарап кетті", - деп хабарлады ведомство.


Ислам Саттаров Павлодар облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 2-батальонында қызмет етеді. Ішкі істер органдарында 2025 жылдан бастап жұмыс істейді.
Бұл ретте музыка оның өмірінде маңызды орын алады. Полицей Екібастұздағы музыка мектебінің домбыра сыныбын тәмамдаған, ал фортепианода ойнауды өз бетінше меңгерген.

"Кіші сержант Ислам Саттаров бойына фортепиано мен домбыра сияқты екі түрлі музыкалық аспапқа деген сүйіспеншілікті ұштастыра білген", - деп атап өтті полициядағылар.

Ведомство мәліметінше, жас жігіт пернелі аспапта ойнау дағдыларын кәсіби білімсіз-ақ дамытқан.

"Кіші сержант пернелі аспаптарда ойнауды өздігінен үйренген. Фортепианода ойнауды өз бетінше меңгергеніне қарамастан, ол жоғары шеберлік деңгейіне жете алды", - делінген хабарламада.

Видео таяуда ғана көше фортепианосы орнатылған Павлодар жағалауында түсірілген. Бұл жер қазірдің өзінде жастар мен жанды музыка сүйер қауым жиналатын орынға айналды.
Ролик желіде көп қаралым жинап жатыр.
Бұған дейін Павлодар облысы Шарбақты ауданы криминалдық полициясының жедел уәкілі, майор Ренат Садуақасов сауыт пен каскада отырып, Вольфганг Амадей Моцарттың "№ 6 симфония. Періштелер музыкасы" туындысын пианинода орындаған болатын. Полицейдің айтуынша, сол сәтте ол әріптестерінің көңіл-күйін көтергісі келген.
Тағы оқыңыз: “Жол ережесін бірнеше рет бұздық“: бес тіл білетін полицей шетелдегі қызық оқиғаларын бөлісті

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus