Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Футболдан әлем чемпионатында сәтсіздікке ұшыраған төртінші команда белгілі болды

Ойын күнінің қорытынды кездесуінде әлем чемпионатының J тобындағы екі аутсайдер - Иордания мен Алжир құрамалары кездесті, деп хабарлайды Tengri Sport.Қос команда да алғашқы матчтарында жеңіліс тауып, бұл жолы ұтылған жағдайда плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен іс жүзінде айырылатын еді.
Бұл ретте Алжир құрамасы кездесудің фавориті саналды: олардың ФИФА рейтингіндегі көрсеткіші қарсыластарынан 34 сатыға жоғары (31-орын мен 65-орын).
Бұдан бөлек, Transfermarkt бағалауы бойынша алжирліктердің құрамы иорданиялықтардан 12 есе қымбат (256 миллион еуро мен 20 миллион еуро).
Иордания - Алжир: ойын барысы
Матчтегі есеп 36-минутта ашылды - Иордания құрамасының жартылай қорғаушысы Низар Махмуд әл-Рашдан гол соқты.
Осыдан кейін алжирліктер бастаманы өз қолдарына алып, допқа көбірек иелік еткенімен, тек екінші таймның ортасында ғана есепті теңестіре алды. 69-минутта Надир Бенбуали қапталдан асырылған допты сәтті түйіндеп, таразы басын теңестірді.
Ал 82-минутта Амин Гуири Иордания қақпасына екінші голды салды.
J тобындағы командалардың жағдайы
Еске сала кетейік, осы топтағы екінші турдың алғашқы матчінде Аргентина құрамасы Австрияны сенімді түрде жеңіп, мерзімінен бұрын келесі кезеңге жолдама алған болатын.

Аргентина - 6 ұпай;
Австрия - 3 ұпай (0);
Алжир - 3 ұпай (-2);
Иордания - 0 ұпай.

Айта кетейік, ұпайлар тең болған жағдайда топтағы орын қосымша көрсеткіштер бойынша анықталады. Қазір доп айырмашылығы бойынша Австрия алда тұр, бірақ олар Алжирмен бетпе-бет кездесу өткізеді. Топтан тікелей шығу үшін австриялықтарға тең есеп те жеткілікті, ал Алжирге тек жеңіс қажет.
Ал Иордания құрамасына келер болсақ, олар плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды. Бұған дейін Гаити, Түркия және Тунис командалары турнирдің "сәтсіздері" қатарына қосылған болатын.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

JFA-الاتحاد الأردني لكرة القدم (@jordan.fa) жарияланымы

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus