Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

UFC алдындағы баспасөз мәслихатында бапкері Асу Алмабаевты әзілмен қағытты

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаевтың бапкері Эдуард Базров Бакуде (Әзербайжан) өтетін турнир алдындағы баспасөз мәслихатында шәкірті туралы қалжыңдады, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Бакуде (Әзербайжан) 28 маусымға қараған түні өтетін UFC Fight Night 280 турнирі алдындағы баспасөз мәслихатында Асу Алмабаев қызықты жағдайға тап болды.
Спортшыдан дайындығы мен жаттығу лагері туралы сұралды. Қазақстандық файтер жауап бергенімен, артынша басқа бір адам дәл сондай сұрақ қойды. Асу сәл абдырап қалса да, қайта жауап берді. Қазақстандықтың бапкері Эдуард Базров "эстафетаны" іліп әкетіп, шәкіртіне осы сұрақты тағы да қойды.
Асу Алмабаев жымиып, залдағыларды күлкіге қарық қылды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Vestnik MMA | Вестник ММА (@mmavestnik) жариялаған жазба


Tengri Sport тілшісі Эдуард Базровқа хабарласқанда, ол команданың көңіл-күйі өте жақсы екенін және жекпе-жекке толық дайын екенін айтты. Сондай-ақ бапкер мұндай қызықты жайттарға сабырмен қарайтынын жеткізді.

"Баршаңыздың көңіл-күйіңізді көтергеніме қуаныштымын. Бәрі жақсы, командадағы ахуал тамаша. Адам бар күшін салып, ар-ұжданы таза болғанда көңіл-күйі де жоғары болады. Ең бастысы - жұмыс атқарылды, бәрі дайын", - деді Эдуард Базров Tengri Sport-қа берген сұхбатында.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Eduard Bazrov-тың жазбасы (@eduard_bazrov15)


Айта кетейік, бұған дейін спортшылар салмақ өлшеу рәсімінен өткен болатын. Асу Алмабаев өз салмақ дәрежесінің лимитін сақтап, 126 фунт (шамамен 57,15 келі) көрсетті. Оның қарсыласы Чарльз Джонсон жеңілірек болып шықты - таразы 125,5 фунтты (шамамен 56,93 келі) көрсетті.
Эдуард Базров айырмашылық болғанымен, бұл тіпті ең жеңіл салмақ үшін де аса маңызды емес екенін айтты.

"Жоқ, бұл ештеңені өзгертпейді. Мұндай грамдар шешуші рөл атқармайды. Ең бастысы - дайындық деңгейі мен психологиялық күй. Қалғаны тек қарсылас 3-5 келіге ауыр болған жағдайда ғана маңызды болуы мүмкін", - деп толықтырды бапкер.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

ASU ALMABAYEV (@asu_zulfikar57) жариялаған жазба


Еске салайық, Асу Алмабаев келесі жекпе-жегін 27 маусымда Бакудегі (Әзербайжан) "Baku Crystal Hall" аренасындағы UFC Fight Night 280 турнирінде өткізеді.
Оның қарсыласы - америкалық Чарльз Джонсон.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

ASU ALMABAYEV (@asu_zulfikar57) жариялаған жазба


Сондай-ақ турнирдің прелим кардында тағы бір қазақстандық, ең жеңіл салмақ өкілі Бекзат Алмахан өнер көрсетеді. Оның қарсыласы - Жан Мацумото.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

ALMAKHAN BEKZAT (@bekzatalmahan) жарияланымы

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus