Лаура Есенкелді Әлем кубогінде испаниялық боксшыны ойсырата жеңді
Ол жекелеген соққыларды да, соққылар сериясын да жиі әрі дәл жұмсап отырды. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан оған берді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Әлем кубогі кезеңінде Қазақстан әйелдер құрамасының тағы бір өкілі, еліміздің ең атақты боксшысы Назым Қызайбай өнер көрсеткен болатын.54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда ол Оңтүстік Корея спортшысы Им Э Джимен кездесті. Қызайбай 4:1 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
???????????????? ???????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????? (@qaz_team_official) парақшасынан жарияланым
Басқа нәтижелер
Бұған дейін таңғы сессияда Қазақстан құрамасының тағы екі өкілі өнер көрсетті.75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тимур Нұрсейітов турнирдің 1/8 финалында ирландиялық Тадг О’Доннеллді тартысты жекпе-жекте жеңді.
Жекпе-жектің қорытынды есебі - 3:2, қазақстандықтың пайдасына.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
???????????????? ???????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????? (@qaz_team_official) парақшасынан жарияланым
Ал 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финалда қазақстандық Санатәлі Төлтаевқа әзірбайжандық Мәлік Хасанов қарсы тұрды.
Жекпе-жек екі раундқа созылып, қарсылас алған жарақатына байланысты кездесуді жалғастырудан бас тартты.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
???????????????? ???????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????? (@qaz_team_official) парақшасынан жарияланым
Еске сала кетейік, World Boxing ұйымдастырған бокстан Әлем кубогінің екінші кезеңі 15-21 маусым аралығында Гуйян қаласында (Қытай) өтеді. Жарысқа қатысатын Қазақстан құрамасы сапында 9 ер және 8 әйел боксшы бар.
Назым Қызайбай Әлем кубогінде кореялық боксшыны ойсырата жеңді