Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Үкімет мүшелері ғарыш саласының қазіргі жай-күйі, іске асырылып жатқан жобалар және даму перспективасы туралы баяндады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы саланың стратегиялық мәнін атап өтіп, спутниктік байланыс пен ғарыш инфрақұрылымының орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев экономика мен мемлекеттік басқарудың игілігі үшін спутниктік жүйелерді дамытуға, ғарыш инфрақұрылымын жетілдіруге, сондай-ақ ғарыш деректеріне негізделген қолданбалы шешімдерді енгізуге бағытталған негізгі жобаларды жүзеге асыру жөнінде мәлімет берді.

"Жаһандық ғарыш секторы түбегейлі өзгерді. Бұл сала тек ірі державалардың "жабық клубына" тиесілі болған дәуір артта қалды. Бүгінде жеке компаниялар байланыс, хабар тарату, навигация, ғарыш мониторингі, ғылыми зерттеулер және интернетпен қамтамасыз ету секілді қолданбалы бағыттарды белсенді түрде дамытып келеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бөлек, ғарышты игеру ғылымын ілгерілету мәселелері қаралды. Әсіресе, ғылыми зерттеулерге, соның ішінде астрофизикаға қолдау көрсету қажеттігі атап өтілді. Ұлттық технологиялық және инженерлік әлеуетті нығайтудың маңызды кезеңі саналған "Бәйтерек" жобасын іске асыру барысы оң бағаланды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы халықаралық ынтымақтастық перспективасына тоқталып, Ресей Федерациясымен және басқа да шетелдік серіктестермен стратегиялық ықпалдастықты дамыту қажет екенін айтты.
Байқоңыр қаласы мен оған жақын аудандарда тұратын азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға мән берілді.
Президент Үкіметке ғарыш саласын жаңғыртуды және оның әлеуетін мемлекет мүддесіне тиімді пайдалануды көздейтін бірқатар нақты тапсырма берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus