Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қытайға құпия бағыт: Қазақстанда уранды елден заңсыз шығарғандар сотталды

Жетісу облысында ядролық материалдармен заңсыз айналысу және оларды Қазақстан аумағынан контрабандалық жолмен шығару әрекеті бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Панфилов аудандық соты ядролық материалдармен заңсыз айналысу, оларды сақтау, тасымалдау және өткізу, контрабандаға оқталу, сондай-ақ қызметтік бабын пайдалана отырып жымқыру баптары бойынша айыпталған алты адамға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотқа дейінгі тергеу мәліметтері бойынша, іске қатысушылар уран концентратын заңсыз иемденіп, кейін оны Қытайға шығару схемасын ұйымдастырған. Іс материалдарынан белгілі болғандай, топ алдын ала сөз байласу арқылы әрекет еткен. Бұл схема материалдарды өндіріс орнынан жасырын алып шығуды, оларды сақтауды, бірнеше адам арқылы тасымалдауды және мемлекеттік шекарадан өткізу әрекетін қамтыған.

Заңсыз әрекеттің жолы "Нұр Жолы" өткізу пунктінде кесілді. Шекаралық бақылау кезінде радиоактивті заттар табылды. Жүргізілген сараптама тәркіленген заттың уран концентраты екенін және оның радиоактивті белсенділік деңгейі белгіленген нормалардан бірнеше есе жоғары екенін анықтады.

Сот үш сотталушыны кінәлі деп танып, олардың әрқайсысына 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Тағы екі адам 2 жыл 6 айға, ал бір айыпталушы - 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Сотталғандардың барлығы жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus