Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қарағандыда байкер полицейлерден қашқан сәтін видеоға түсіріп алған

Қарағандыда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып қана қоймай, қауіпті сәттерін әлеуметтік желіге жариялап келген 18 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Мән-жайыҚарағанды облысы Полиция департаментінің мәліметінше, "эндуро" класындағы мотоциклді тізгіндеген жас жігіт жүйелі түрде жылдамдықты асырып, жол белгілеріне пысқырмаған және қозғалыстың өзге қатысушыларына қауіп төндірген. Сонымен қатар ол полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талабына бағынбай, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, жауапкершіліктен қашуға тырысқан.Құқықбұзушы өзінің бұл әрекеттерін бейнежазбаға түсіріп, қауіпті жүрісін әлеуметтік желілерде көрсетіп отырған.

Қандай жаза қолданылды?
Полицейлер қауіпті видеороликтердің авторын анықтап, ұстады. Оған қатысты бірден төрт әкімшілік хаттама толтырылды:

бағдаршамның тыйым салатын түсіне өту;полиция қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау;көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірісіз басқару;көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз басқару.


"Құқықбұзушы уақытша ұстау камерасына қамалды. Жинақталған материалдар процесуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Полиция өкілдері заңнама талаптарын ашық түрде елемеу, қауіпті жүргізу және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus