Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Үй маңында көлік қоюға тыйым салу: министрлік ақпаратқа қатысты жауап берді

БАҚ-та 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда тұрғын үйлер маңына көлік қоюға тыйым салынады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Tengri Auto.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің "Қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығында тұрғын үйлердің жанында автокөліктерді қоюға жаңа тыйым салу көзделмеген", - деп атап өтті ведомство.

Құжат қалалар мен ауылдарды абаттандыру ережелерін Қазақстанның Құрылыс кодексіне сәйкес жаңарту мақсатында әзірленген. Жаңа ережелерде арнайы бөлінген орындарда үй маңына көлік қоюға тыйым салатын нормалар жоқ екені айтылды.
Шын мәнінде не болды?
Министрлік өзгерістер тек нақтылау сипатында екенін хабарлады.
Ереженің 32-тармағында жеке үйлерге іргелес жатқан аумақтарда сақтауға тыйым салынған мүліктер тізімі нақтыланды. Бұрын заңда "өзге де жылжымалы заттар" деген жалпы тұжырымдама қолданылса, енді құжатта оларға автомобильдер, тіркемелер мен арбалар жататыны бөлек көрсетілген.

"Бұл ретте сөз автокөлік құралдарын пайдалануға немесе белгіленген орындарда қоюға тыйым салу туралы емес, ортақ пайдаланудағы іргелес аумақта мүлікті ұзақ уақыт сақтауға және үйіп қоюға жол бермеу туралы болып отыр", - деп түсіндірді министрлік өкілдері.

Министрлік жаңа ережелер жол қозғалысын ұйымдастыру, автотұрақтар мен тұрақ орындарын реттеу және көлік құралдарын пайдалану мәселелерін қамтымайтынын атап өтті. Сондықтан үй маңына автокөліктерді қоюға жаңа шектеулер енгізіледі деген тұжырымдар құжаттың мазмұнына сәйкес келмейді.
Сондай-ақ ведомство азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және нормативтік құқықтық актілерге қатысты шындыққа жанаспайтын түсіндірмелерді таратпауға шақырады.
Бұған дейін Астанада тұрақ үшін ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілетіні хабарланған болатын.
Тағы оқыңыз: Үй жанындағы тұрақтар тегін болады: Алматыда жаңа ережелер қарастырылып жатыр

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus