Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“ҚазАвтоЖол“ Алматы – Қорғас жолындағы жағдайды түсіндірді

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы – Қорғас тасжолындағы көліктерді зақымдаған бетон бөлігіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengri Auto.

"Әлеуметтік желіде тараған видеодағы жағдай ауыр жүк көлігі өткеннен кейін цемент-бетон жабынының бір бөлігі зақымдануынан болған. Көлік салмағының әсерінен бетон жабынның бір бөлігі үгітіліп, кейін сол жерден өткен жеңіл автокөліктер дөңгелектерін зақымдап алған", - делінген хабарламада.

Ұлттық компания мердігер ұйым жауапты жол қызметтерімен бірлесіп, салдарды жою бойынша жедел шаралар қабылдағанын атап өтті.

"Зақымдалған учаске норматив күйге келтірілді, көлік қозғалысы қалыпты режимде жүріп жатыр. Зардап шеккен көлік иелеріне келтірілген шығынды мердігер ұйым толық көлемде өтеді", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" өкілдері.

Бұл дерек бойынша Полиция департаменті мердігер ұйымға айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік шараларын қолданды. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін ауа температурасы көтерілген кезеңде цемент-бетон жабынының жай-күйіне тұрақты мониторинг ұйымдастырылып, қауіпті учаскелерде профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Жағдай жауапты жол қызметтерінің бақылауында.
Сондай-ақ, "ҚазАвтоЖол" мамандары республикалық маңызы бар Алматы – Шелек – Қорғас автожолының цемент-бетон жабыны бар учаскелеріне тексеру жүргізді.

"Тексеру нәтижесінде цемент-бетон плиталарының температуралық деформациялану белгілері бар 31 учаске анықталды. Ақауды алдын алу мақсатында 21 учаскеде қосымша деформациялық жіктерді кесу жұмыстары орындалды. Қалған 10 учаске бойынша жұмыс істеліп жатыр және мамандардың тұрақты бақылауында", - деп хабарлады ұлттық компания.



Фото: "ҚазАвтоЖол"
Әлеуметтік желілерде Алматы – Қорғас тасжолында түсірілген видео тарады. Онда жол төсемінің ақауынан көліктердің жаппай зақымдалғаны көрсетілген.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Neboldy? (@neboldykz) жарияланымы

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus