Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан құрамасы ММА-дан Азияның абсолют чемпионы атанды

MMA-дан Қазақстан құрамасы Данангта (Вьетнам) UWW аясында өткен Азия чемпионатында тағы да көшбасшылығын дәлелдеп, айқын жеңіске жетті, деп хабарлайды Tengri Sport.
MMA және панкратионнан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын триумфпен аяқтап, ересектер арасында да, U-20 жасөспірімдер санатында да жалпыкомандалық бірінші орынды сенімді түрде иеленді.

Ересектер құрамасының медальдары
Алтын

Мансұр Септеген - 57 келі;
Олег Пехотин - 62 келі;
Дінмұхамед Тұрғанбеков — 66 келі;
Марат Әшімтаев - 71 келі;
Аслан Гелогаев - 77 келі;
Эльжан Гасанов - 84 келі;
Абылай Шәкірбеков - 93 келі;
Ағалы Хасанов - 130 келі;
Жансая Ермағанбетова - 65 келі.

Күміс

Ербол Байназаров - 100 келі;
Камила Фазылова - 65 келі;
Аружан Берікбаева - 90 келі.


U-20 құрамасының медальдары
Алтын

Әлішер Ақбахытов - 71 келі;Әлішер Сабит - 77 келі;
Нұрғиса Анарбек - 84 келі.

Күміс

Әмір Серік - 71 келі;
Данияр Файзрахманов - 77 келі;
Банихан Дурсунов - 90 келі.


Турнирден кейін Қазақстанның ұлттық MMA федерациясының президенті Сағындық Мекеев спортшыларды жеңісімен құттықтады.

"Барлық спортшыны, жаттықтырушылар штабын, өңірлік федерацияларды және Қазақстанның ұлттық MMA федерациясының басшылығын тамаша өнер көрсетулерімен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз, тәртіп пен іске адалдықтарыңыз ел қоржынына халықаралық аренада кезекті зор табыс алып келді. Қазақстан - Азиядағы ең мықты команда", - деп атап өтті Сағындық Мекеев.


Айта кетейік, UWW (Біріккен күрес әлемі) ұйымдастырған осы чемпионатта комитет мүшелерінің, соның ішінде UWW комитетінің мүшесі Гаджи Гаджиевтің, комитетте грепплинг саласына жетекшілік ететін UWW комитетінің мүшесі Төлеген Кұмаровтың UWW MMA, грепплинг және панкратион комитетінің төрағасы, сондай-ақ UWW атқарушы комитетінің мүшесі Намик Алиевпен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуде олар биыл қазанда өтетін UWW күрес түрлерінен Әлем чемпионатын талқылады. Нәтижесінде MMA және грепплингтен Әлем чемпионаттарын Астанада бекітілген күрес түрлерінен Әлем чемпионаты аясында өткізу туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ Лозаннадағы (Швейцария) UWW MMA, грепплинг және панкратион комитеті кеңсесінің қызмет жоспары талқыланды.

Еске сала кетейік, UWW атқарушы комитеті мамырда өткен ұйым отырысының қорытындысы бойынша күрес түрлерінен Әлем чемпионатын Астанада өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.
Бастапқыда турнир Манамада (Бахрейн) өтеді деп жоспарланған - бұл ел жарысты қабылдау құқығына былтыр ие болған еді. Алайда кейін UWW Бахрейн күрес федерациясымен бірлесіп, турнир ауыстырылғанын жариялады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Olympic Wrestling (@unitedworldwrestling) жарияланымы

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus