Алматы әуежайында шетелдік азаматша екі қап марихуанамен ұсталды
Осы жылдың 30 мамырында ҰҚК полиция, кеден органдарымен және Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығымен бірлесіп, Алматы әуежайында есірткі заттарын тасымалдау әрекетінің жолын кесті.
«Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінен келген шетелдік азаматшаның жүгін тексеру барысында 21 килограмға жуық «марихуана» өсімдік заты табылды. Тыйым салынған жүк тәркіленіп, күдікті ұсталды», — делінген ҰҚК хабарламасында.
Аталған факт бойынша полиция органдары Қылмыстық кодекстің 286-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
ҰҚК баспасөз қызметінің фотосы
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.