“Реалдың“ жаңа президенті аты аңызға айналған бапкерді таңдады
Бұған дейін мадридтік "Реал" клубтың жаңа президентін сайлау қорытындысын жариялаған болатын.
Жеңіске 79 жастағы Флорентино Перес жетіп, "корольдік клубпен" келісімшартын 2030 жылға дейін ұзартты.
Ол дауыс беру барысында Энрике Рикельмеден озып, сегізінші рет "Реал" президенті атанды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Real Madrid C.F. (@realmadrid) жарияланымы
Перестің клуб тізгінін қайта ұстағаннан кейінгі алғашқы шешімдерінің бірі жаңа бас бапкерді таңдау болды.
Танымал инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, бұл лауазымға португалиялық маман Жозе Моуриньо таңдалды. Перестің бұл шешімі бұған дейін де белгілі болған, алайда сайлауда Флорентино жеңіліс тапса, бұл жоспар іске аспай қалуы мүмкін еді.
Соған қарамастан, барлық шарт ауызша келісілгені және қазіргі уақытта құжаттарға қол қою рәсімі күтілетіні хабарланды. Сондай-ақ маманға бастапқыда екі жылдық келісімшарт ұсынылғаны белгілі болды.
???? ШҰҒЫЛ: Жозе Моуриньо "Реал Мадридке" оралды, БАСТАЙМЫЗ! ????????Жозе Моуриньо мен "Реал Мадрид" арасында барлық шарттар ауызша келісілді, құжаттарға қол қою ғана қалды.Бастапқыда екі жылдық келісімшарт жоспарлануда, ЖМ Мадридке "Реал" мен "Бильбао" арасындағы ойыннан кейін барады."The Special One" қайта оралды.pic.twitter.com/K267WgiqjC
— Fabrizio Romano (@FabrizioRomano) 18 мамыр, 2026 жыл
Жозе Моуриньо - аты аңызға айналған бапкер
Жозе Моуриньо 2010-2013 жылдар аралығында мадридтік "Реалда" жұмыс істеген болатын. Оның басшылығымен ақ жейделілер Испания чемпионы атанып, ел Кубогы мен Суперкубогын иеленді.
2025 жылдың қыркүйегінен бастап португалиялық маман "Бенфиканы" жаттықтырып келеді. Оның бапкерлік мансабында "Челси", "Порту", "Манчестер Юнайтед", "Тоттенхэм", "Рома", "Интер" және "Фенербахче" сияқты атақты клубтар болды.
Моуриньо "Порту" және "Интермен" бірге екі рет Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен, сонымен қатар "Манчестер Юнайтедпен" Еуропа лигасын және "Ромамен" Конференция лигасын ұтып алған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Jose Mourinho (@josemourinho) жарияланымы
Тағы оқыңыз: Ламин Ямаль футбол тарихындағы ең қымбат ойыншы атанды