Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Мәдениет елшісі“. Димаш Құдайберген жанкүйерлерін тағы да таңғалдырды

Әнші Димаш Құдайберген өзінің шығармашылық жолындағы ең маңызды оқиғалардың бірі - Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен жеке концертіне арналған Before the Applause ("Шапалаққа дейін") деректі фильмінің шығатынын хабарлады, деп хабарлайды Tengri Life.
Фильм не туралы?
Before the Applause туындысы жаңа концерттік тур қарсаңында жарық көреді. Картина тизерінде 2025 жылдың 5 қазанында өткен концертке дайындық барысы баяндалады: Димаш Madison Square Garden сахнасында Stranger шоуын ұсынып, әлемдегі ең танымал концерттік алаңдардың бірінде өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық әртіс атанды.
Мәліметтерге сүйенсек, фильмде көрермендер орындаушының өзінің, сондай-ақ оның командасы мен отбасының естеліктерін тамашалай алады. Жоба авторлары концерттің өзін ғана емес, осы айтулы оқиғаға дейінгі көпжылдық еңбек жолының тарихын көрсетуге уәде беріп отыр.

Stranger туры
Еске сала кетсек, әртістің өзі концерт алдында алдағы іс-шараның маңызы мен аңызға айналған сахнаға шығар алдындағы жауапкершілік туралы айтқан болатын.

"Бұл үлкен жауапкершілік, бірақ ол мені қорқытпайды, керісінше, алға ұмтылуға шабыттандырады. Сонымен қатар біз мәдениет елшісі рөлін атқарып отырмыз - осындай аңызға айналған сахнада басқа құрлықтағы адамдардың жүрегін жаулап алудың бірегей мүмкіндігіне бірінші болып ие болдық", - деп атап өтті Димаш концерт қарсаңында Tmrw Magazine журналына берген сұхбатында.

Madison Square Garden-дегі концерт Stranger әлемдік турының бастауы болып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген көрермендер залға лық толды.

"Madison Square Garden-дегі өнер көрсету әртістің шығармашылық жолындағы маңызды кезеңге айналды және көпжылдық жұмыстың, кәсіби өсу мен үлкен арманның орындалуының көрінісі болды", - деп атап өтті фильм авторлары.

Бағдарламаға бұрыннан танымал композициялар да, жаңа туындылар да енді. Әртіс Қазақстан әнұраның орындап, "Самғау" атты авторлық әнін паш етті, сондай-ақ оның авторы, "Грэмми" сыйлығының екі дүркін иегері Уолтер Афанасьевтің сүйемелдеуімен Love’s Not Over Yet туындысын шырқады.
Деректі фильм жанкүйерлер мен көрермендерге ауқымды шоу алдындағы оқиғаларды көруге, сондай-ақ әртістің мансабындағы ең елеулі өнер көрсетулерінің біріне дейінгі жолда оған серік болған адамдар туралы көбірек білуге мүмкіндік береді деп күтіледі.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus