“Реал Мадрид“ бас бапкерге қатысты шешім қабылдады
Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Альваро Арбелоа Испания чемпионатындағы алдағы матч команда тізгініндегі соңғы ойыны болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Sport.
38-тур аясындағы "Атлетикке" қарсы ойын алдында өткен баспасөз мәслихатында Арбелоа өзінің болашағына қатысты мәлімдеме жасады.
"Мен "Реалдан" шексіз алғыспен кетемін, өйткені ойыншылар менің кәсіби тұрғыда өсуіме септігін тигізіп, әр күннен ләззат алуыма көмектесті. "Реалда" жүргеніме 20 жыл болды, бұл - менің үйім. Бұл осы маусымдағы соңғы матчім, бірақ өмірімдегі "Реал" бапкері ретіндегі соңғы ойын бола ма, жоқ па, оны ешкім білмейді", - деді бапкер.
Айта кетейік, Арбелоа бапкерлік қызметте Хаби Алонсоны алмастырған болатын. Оның жетекшілігімен "Реал" Испания кубогынан шығып қалды, Чемпиондар лигасының 1/4 финалында "Бавариядан" жеңілді және ел чемпионатында "Барселонаға" айтарлықтай қарсылық көрсете алмады.
Мадридтік "Реалдың" жаңа бапкері туралы ресми ақпарат әлі жарияланған жоқ, алайда инсайдер Фабрицио Романо бұл қызметке аңызға айналған португалиялық Жозе Моуриньо келетінін хабарлады.
????️ Альваро Арбелоа: Лапорта ма? "Оның сөздері мен айтқандары мені ҚЫЗЫҚТЫРМАЙДЫ, ол НЕГРЕЙРА ІСІНЕ қатысты айтқан болар деп ойлаймын. "Реал Мадрид" ойыншыларының әлі де қан жоса болып жүргенін көреміз, ал сол төрешілерге сый ретінде ФИНАЛДАР беріледі, біз бұл туралы АЙТУДЫ тоқтатпауымыз керек".???????????????????????? pic.twitter.com/eCu7ct8pJA
- (fan) REAL MADRID FANS ???? (@AdriRM33) 22 мамыр, 2026
Аңыз оралды: “Реал Мадрид“ жаңа бапкермен келісімшартқа отырғаны жарияланды
Бұған дейін "Реалдың" аңызға айналған ойыншысы Криштиану Роналду мансабында алғаш рет Сауд Арабиясының чемпионы атанған болатын.