Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Талдықорғандағы әлеуметтік тұрғын үйге қатысты дау: әкімдік мәселені мойындап, уәде берді

Талдықорғанның Жастар-3 шағын ауданындағы әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға берілген жаңа үйлердің жай-күйіне қатысты қоғамдық резонанстан кейін әкімдік олқылықтардың барын мойындады. Құрылыстағы кемшіліктердің жойылуын қадағалау үшін арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды TengriHome тілшісі.
Бұған дейін қоныстанушылар үйлердегі күрделі ақауларға шағымданған болатын: тұрғындар көшіп келе салысымен топырақ шөгіп, қабырғалар жарылып, шатырдан су ағып, терезелерден жел соққан. Бұл жарияланым әлеуметтік желілерде қызу талқыланды - қазақстандықтар халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған баспананың пайдалануға берілгеніне небәрі бірнеше ай өтсе де, осындай күйге түскеніне наразылық білдірді.
Шу шыққаннан кейін қала әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді. Билік тұрғындар тарапынан айтылған шағымдарды растап, тексеріс басталғанын мәлімдеді.
Белгілі болғандай, Талдықорған әкімі Ернат Бәзіл Жастар-3 шағын ауданына барған. Ол арнайы құрылған комиссия мүшелерімен бірге жекелеген үйлерді аралап, тұрғындармен кездескен. Қала басшысының айтуынша, барлық өтініштер тіркеліп, анықталған ақаулар бойынша тиісті актілер толтырылған.
Ресми мәліметтерге сәйкес, бірнеше үйдің шатырынан зең басу белгілері, төбелерден ылғал ізі, сондай-ақ кей жерлерде төсеніш тастар мен плиткалардың үгітілуі анықталған. Барлық үйді тексерген арнайы комиссия құрылды. Әлеуметтік желілерде жазылған екі үйден бөлек, тағы 5-6 үйден осындай кемшіліктер табылған.
Әкімдік бұл үйлердің былтыр жыл соңында ғана пайдалануға берілгенін, ал анықталған проблемалардың бір бөлігі топырақ пен конструкциялардың табиғи шөгуіне байланысты болуы мүмкін екенін атап өтті.

"Шартқа сәйкес, барлық үйге екі жылдық кепілдік мерзімі қарастырылған, сондықтан мердігер ұйымдар құрылыс жұмыстарының сапасына толық жауапты. Қазір нысанда 10 мердігер компания жұмыс істеп жатыр. Олардың барлығы - жергілікті құрылыс ұйымдары. Алдағы он күн ішінде барлық ескертулер толығымен жойылады. Жағдай ерекше бақылауға алынды", - деді Ернат Бәзіл.

Сонымен қатар тұрғындар пікірлерде құрылыстағы өрескел ақаулардың неліктен баспана берілген бойда пайда бола бастағанына және нысандарды адамдар қоныстанбас бұрын қабылдау жұмыстары қаншалықты сапалы жүргізілгеніне күмән келтірген.
Фото Tengrinews.kz
Әкімдік Жастар-3 шағын ауданында 790 жеке тұрғын үй салу жоспарланғанын, оның 309-ы кейінгі екі жылда пайдалануға берілгенін хабарлады. Жыл соңына дейін билік тағы 350 үйді салып, халыққа тапсыруды көздеп отыр.
Мұнда баспанадан бөлек, полиция тірек пункті, фельдшерлік пункт, екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені, парк пен гүлзар салу уәде етілген. Қазір бұл нысандар бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
Редакция жағдайды бақылауды жалғастырады және әкімдік ақауларды жою үшін белгілеген мерзім аяқталғаннан кейін осы тақырыпқа қайта оралады.
Жылдап күтеді, бірақ мәселесі көп. Талдықорғандықтар жаңа үйлердің сапасына шағымданды

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus