Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматының тағы екі көшесінде жаңа жол таңбасы пайда болды

Алматының екі көшесінде жаңа сары түсті жол таңбасы пайда болды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Жүргізушілер кейбір учаскелердегі қос тұтас сызықтың үйреншікті ақ түстің орнына сары түспен сызыла бастағанын байқаған. Мұндай таңбалау Жароков көшесінде және Серкебаев даңғылының әл-Фараби даңғылынан Төле би көшесіне дейінгі аралығында пайда болды.

Фото: Елена Никитенко/TengriAuto

Әкімдіктегілер сары осьтік сызық таңбалаудың тәуліктің қараңғы уақытында және қолайсыз ауа райында жақсырақ көрінуі үшін қажет екенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, бұл қозғалыс қауіпсіздігін арттыруы тиіс.

Фото: Елена Никитенко/TengriAuto

Әкімдік мұндай шара ретсіз қойылған автокөліктер санын азайтуға және көшелердің өткізу қабілетін жақсартуға көмектеседі деп есептейді. Дәл осы учаскелердің таңдалуын көлік жүктемесінің жоғары болуымен түсіндірді.

Сонымен қатар әкімдік қазіргі уақытта сары түсті осьтік таңбаны біртіндеп басқа көшелерге де сызып жатқанын атап өтті.

Тұтас сызықты кесіп өткені үшін жаза қандай болмақ?

Жол қозғалысы ережесі тұрғысынан сары және ақ түсті тұтас жолақтардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ. ӘҚБтК-нің 596-бабына сәйкес, оларды кесіп өткені үшін алты айға дейінгі мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған.

Тұтас сызықты кесіп өткенде куәліктен айырылудан қалай құтылуға болады?

Егер сызық нашар көрінген болса - мысалы, өшіп қалған немесе қар, мұз, қоқыс басып қалса - жазаға шағымдануға болады. Сондай-ақ жолақтың МЕМСТ-қа сәйкес келмеуі де жазаның күшін жоюға себеп болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, сары түсті таңба өткен жылдан бастап сызыла бастады. Алғаш рет сары қос тұтас сызық Назарбаев даңғылында Абай даңғылынан Қажымұқан көшесіне дейінгі аралықта байқалған болатын.

Бұған дейін біз Алматыда бірнеше көше бір жақты болатынын жазған едік.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus