Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың оңтүстік-батыс және солтүстік-батыс аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.