Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тоқаев халықаралық сарапшылармен ЖИ инфрақұрылымын дамыту мәселесін талқылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының жаһандық жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту жөніндегі вице-президенті Николо Мартин Капрезбен, сондай-ақ Firebird AI компаниясының негізін қалаушылар Размиг Берг Овакимянмен және Александр Есаянмен кездесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында ЖИ-инфрақұрылымын жобалау, салу және пайдалану бағытындағы серіктестік перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысы Қазақстан алдағы үш жылда толық цифрлық елге айналуды көздеп отырғанын жеткізді. Президенттің айтуынша, NVIDIA технологиясы негізінде суперкомпьютер кластерлерін іске қосу аталған мақсатқа жету және елдің технологиялық дербестігін нығайту ісіндегі маңызды қадам болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз қаласында Деректерді өңдеу орталығы алқабын құру бойынша стратегиялық жоба қолға алынғанына тоқталды. Онда есептеу инфрақұрылымын дамытқысы келетін инвесторларға қолжетімді электр энергиясы, телекоммуникация желісі және салық жеңілдіктері қарастырылады.

Өз кезегінде NVIDIA және Firebird AI өкілдері Арменияда осыған ұқсас жобаны жүзеге асырып жатқаны жайында айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен компания өкілдері ЖИ-экожүйесін дамыту бағытындағы бірлескен бастаманы іске асыру мүмкіндіктерін зерделеуге келісті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus