Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан аспанында НЛО? Қорғаныс министрлігі Пентагон мұрағатына қатысты жауап берді

Пентагонның құпиясыздандырылған архивтерінен 1994 жылғы дипломатиялық жеделхат табылды, онда америкалық ұшқыштар Қазақстан аспанындағы жұмбақ нысан туралы хабарлаған. Tengri Life отандық радарлардың немесе әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚ) жүйелерінің қандай да бір ерекше құбылысты тіркеген-тіркемегенін анықтау үшін Қорғаныс министрлігі мен қазақстандық астрофизиктерге сауал жолдады.
Пентагон архивтерінен не табылды?
Жақында Пентагон БҰН (НЛО) туралы құпия құжаттарды жариялады. Олардың арасында АҚШ Мемлекеттік департаментінің 1994 жылғы дипломатиялық жеделхаты бар. Онда Boeing 747 ұшағының экипажы Қазақстан аспанынан белгісіз нысанды көргені айтылған.
Құжатқа сәйкес, 1994 жылғы 27 қаңтарда тәжікстандық ұшқыш пен үш америкалық Қазақстан үстінен жарық нысанды байқаған, ол жоғары жылдамдықпен қозғалып, траекториясын күрт өзгерткен және 90 градусқа бұрылыстар жасаған.
Ғалымдар не дейді?
Біз Фесенков атындағы Астрофизика институтының ғалымдарына хабарластық. Ондағылар институт телескоптары анағұрлым алыс нысандарды бақылайтынын айтты.

"Астрофизика институты телескоптарының көру аясына мұндай нысандар түспеген, біз анағұрлым алыс нысандарға бақылау жүргіземіз. Ғарыштық телескоптардан алынған бақылаулар туралы ақпарат та бізге түскен жоқ", - деді институт қызметкері Светлана Мошкина.

Мамандардың айтуынша, институт жабдықтары 100 шақырымнан асатын биіктіктегі - алыс ғарыш нысандарымен жұмыс істейді. Осы шекарадан төмен орналасқан нысандардың бәрі олардың бақылауына ілікпейді.
Сонымен қатар астрофизик ұшқыштар сипаттаған құбылыс теориялық тұрғыдан сирек кездесетін атмосфералық феноменмен - мысалы, шар тәрізді найзағаймен байланысты болуы мүмкін деген болжам жасады.
Қорғаныс министрлігі не деп жауап берді?
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі сауалға берген жауабында Қазақстан аспанындағы БҰН туралы ақпараттың расталмағанын мәлімдеді.

"Бұл факт расталмады. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің иелігінде Қазақстан Республикасының аумағында жерден тыс нысандардың тіркелгенін айғақтайтын дәлелдер немесе ресми қорытындылар жоқ", - деп атап өтті Қорғаныс министрлігі.

Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі сол кезеңде әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері ерекше ештеңе тіркемегенін мәлімдеді.

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚ) күштері мен құралдары аталған кезеңде белгісіз ұшу нысандарын анықтау немесе ілесіп бақылау фактілерін тіркеген жоқ", - деді Қорғаныс министрлігі өкілдері.

Бұдан бөлек, министрлік Қазақстан жарияланған архивтік материалдарды дайындауға қатыспағанын баса айтты.

"Қорғаныс министрлігінде мұндай хабарламалардың шынайылығын растайтын мәліметтер жоқ, оларды дайындауға қатыспаған және ондағы болжамдар мен түсіндірмелерді растамайды", - деп түсіндірді ведомство.

Қорғаныс министрлігі мұндай жарияланымдарды БҰН бар екеніне дәлел ретінде қабылдауға болмайды деп санайды.

"Қарастырылып отырған деректер шет мемлекеттердің архивтік көздеріндегі жекелеген тұлғалардың субъективті айғақтары ғана және объективті фактілермен негізделмеген", - деп атап өтті министрлік.

БҰН-ның басқа да пайда болу жағдайлары болды ма?
Министрлік Қазақстан архивтерінде елдің әуе кеңістігінде мұндай нысандардың пайда болғаны туралы басқа расталған жағдайлар жоқ екенін хабарлады.

"Қорғаныс министрлігінің архивтерінде елдің әуе кеңістігіндегі осындай аномальды құбылыстардың тіркелуіне қатысты құжатталған айғақтар, есептер немесе өзге де материалдар тіркелмеген", - деп түйіндеді ведомство.

Еске сала кетейік, жақында АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы (ФТБ) бұған дейін құпия болып келген құжаттарды жариялады, онда жұмбақ "ергежейлілер" туралы және олардың белгісіз ұшу нысандарынан шыққаны жайлы хабарламалар бар.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus