Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Стационарлардағы дәрі-дәрмек тапшылығы. Депутат “СҚ-Фармацияға” үндеу жасады

Депутат Гүлдара Нұрым "СҚ-Фармация" арқылы ауруханаларды өмірлік маңызы бар препараттармен қамтамасыз етуде іркілістер бар екенін айтты. Оның сөзінше, медициналық ұйымдарда созылмалы және шұғыл жағдайларды емдеуге арналған құралдарды қоса алғанда, негізгі дәрі-дәрмектер жоқ, пациенттер оларды өз қаражатына сатып алуға мәжбүр, деп хабарлайды TengriHealth.
Депутаттың айтуынша, медициналық ұйымдармен жедел жұмыс істеп жатырмыз деген мәлімдемелерге қарамастан, пациенттер мен дәрігерлер өмірлік маңызы бар препараттар тапшылығы туралы үнемі хабарлап отырады.

"Сіздер дәрігерлерді де, пациенттерді де естімейсіздер. Қазір көптеген өмірлік маңызы бар препарат жоқ. Мысалы, ревматологияда сульфасалазин препаратының жоқтығына бір жарым жыл болды. Оны алмастыратын балама жоқ, пациенттер іс жүзінде емсіз қалды", - деді депутат комитеттің көшпелі отырысы барысында.

Сондай-ақ ол бұл дәрінің өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектер тізіміне кіретінін, алайда мәселенің жүйелі шешімі жоқ екенін атап өтті. Депутаттың айтуынша, жеткізуге өтінімдер алдын ала қалыптастырылады, бірақ нәтижесінде препараттар медициналық ұйымдарға түспейді.
Нұрым анестезияға және шұғыл көмекке, соның ішінде наркоз кезінде қолданылатын препараттардың іркілісіне жеке тоқталды. Оның айтуынша, стационарларда адреналин, фуросемид, сондай-ақ онкологиялық бірқатар дәріні қоса алғанда, базалық препараттар жоқ.

"Биыл адреналин мүлдем түскен жоқ. Анафилактикалық шок пен жүрек тоқтаған кезде бұл базалық препарат қой. Ол неге жоқ?" - деп сұрақ қойды депутат.

Бұған жауап ретінде денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов бірқатар препарат бойынша жағдай нарық ерекшеліктеріне және бағаны реттеуге байланысты екенін хабарлады.

"Сульфасалазин бойынша сатып алу қиындап тұр, себебі бекітілген шекті баға өте төмен және нарықта ұсыныс жоқ. Біз жеткізуді қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастырып жатырмыз", - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ ол сатып алу кезінде препараттардың саудалық атаулары емес, халықаралық патенттелмеген атаулары қолданылатынын және баламалардың бір бөлігі, атап айтқанда анестезияға арналған пропофол негізіндегі препараттар жеткізілімге енгізілгенін нақтылады.
Оның айтуынша, адреналин жеткізілімі қамтамасыз етілді, жақын арада қор түсуі керек.
Еске сала кетейік, Қазақстанда амбулаториялық қамтамасыз ету аясында дәрі-дәрмекті дербес сатып алу жүйесіне көшу жоспарланып отыр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus