Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Армения премьері Пашинян тағы да әйелмен сөзге келіп қалды

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ереван аудандарының бірінде өзінің "Азаматтық келісім" партиясының сайлауалды науқаны кезінде бір әйелмен сөзге келіп қалды. Әйел шенеунікке "билік оның Отанын ұрлап алғанын және ұрлауды жалғастырып жатқанын" айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz Armenia Today-ге сілтеме жасап.
Сондай-ақ ол Армения билігін мемлекетті күйретті және 2020 жылдың күзіндегі Екінші Қарабақ соғысы салдарынан тұтас бір ұрпақтан айырды деп айыптады. Әйел кетпек болғанда, Пашинян әмірлі дауыспен оның сөзін тыңдауын талап етіп, қолынан ұстап алды.

"Сіздер менің Отанымды ұрладыңыздар, әлі де ұрлап жатсыздар", - деді ол Армения премьеріне сөзге келіп қалған сәтте.

Армения премьері оның бұл сөздерін бұрынғы билікпен байланысы бар болғандықтан айтып тұрғанын жеткізді. Осыдан кейін ол бұрынғы танылмаған Таулы Қарабақ республикасы өкілдерінің "бетпердесін шешетініне" уәде беріп, Арменияның бұрынғы президенттері Роберт Кочарян мен Серж Саргсянды, "Өркендеген Армения" партиясының лидері Гагик Царукянды және "Қуатты Армения" блогынан премьер-министрлікке кандидат Самвел Карапетянды "тізерлетіп, көзін жоямын" деп сес көрсетті.

"Бетперде киіп, қарабақ акцентімен сөйлейтіндер - қашқындар, нағыз қашқындар. Олар соғыстан "Ферраримен" қашып кетті, біздің балаларымызды тастап кетті, балаларымызды иесіз қалдырды", - деді Пашинян.

Еске сала кетейік, наурызда премьер-министр Никол Пашинян Ереванды аралау кезінде метроға мініп, сол жерде жолаушы әйелмен сөзге келіп қалды. Бұл жағдай оған Қарабақтан армян халқының үдере көшуі туралы сұрақ қойылғаннан кейін болған еді. Кейін Армения премьері кешірім сұрады.
2020 жылғы қарашада Екінші Қарабақ соғысы нәтижесінде Таулы Қарабақ аумағының бір бөлігі Әзербайжанның бақылауына өтті, ал 2023 жылғы қыркүйекте Әзербайжан бүкіл аймақты өз бақылауына алды. Осыдан кейін Қарабақтан 100 мыңнан астам армян кетіп қалды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus