Аңыз оралды: “Реал Мадрид“ жаңа бапкермен келісімшартқа отырғаны жарияланды
Журналистің мәліметінше, маман екі жылдық келісімшартқа қол қояды. Моуриньоның Мадридке оралатыны туралы ресми түрде айдың соңына дейін жарияланады.
"Барлық шарт ауызша келісілді", - деп хабарлайды Романо.
Жозе Моуриньо мадридтік "Реалда"
Еске сала кетейік, португалиялық маман 2010-2013 жылдар аралығында "Реалда" қызмет еткен болатын. Ол командамен бірге Испания кубогын иеленіп, Испания чемпионатындағы "Барселонаның" үш жылдық гегемониясын тоқтатқан еді.Қазіргі таңда "Реал" екі жылдан бері ішкі біріншілікте де, еуропалық аренада да бірде-бір кубок жеңіп ала алмай келеді, ал клуб ішінде жанжалдар жиілеп кетті.
Сонымен қатар Моуриньо "Реалдан" кеткеннен кейін "Челсимен" Англия чемпионатын, ал "Манчестер Юнайтедпен" Англия кубогы мен Еуропа лигасын жеңіп алды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Fabrizio Romano (@fabriziorom) жарияланымы
Бұған дейін мадридтік "Реалдың" президенті Флорентино Перес каталониялық "Барселона" мен Испания құрамасының вингері Ламин Ямальдың ойыны өзіне ұнайтынын айтты.
"Реал" жұлдыздары жаттығу кезінде төбелесіп қалды: тергеу басталды