Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Каталониялық “Барселона“ 41 жылдан кейін тарихи рекорд орнатты

"Барселона" футбол клубы бірегей жетістікке қолжеткізді. Каталониялық команда Ла Лига тарихында өз алаңындағы барлық матчте жеңіске жеткен алғашқы команда атанды, - деп хабарлайды Tengri Sport.18 мамырға қараған түні Барселонадағы (Испания) "Камп Ноу" стадионында Ла Лиганың 37-туры аясында алаң иелері - "Барселона" мен севильялық "Реал Бетис" арасында матч өтті. Ойын 3:1 есебімен "Барселонаның" жеңісімен аяқталды.
Бұл жеңіс "Барселона" үшін тарихи мәнге ие болды. Каталониялық клуб өз алаңындағы 19 матчтің 19-ында да жеңіске жетіп, бірегей рекорд орнатты.
Бұған дейінгі өз алаңындағы жеңістер бойынша рекорд мадридтік "Реалға" тиесілі еді. Олар 1985/86 жылғы маусымда 17 рет жеңіске жеткен болатын.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

FC Barcelona (@fcbarcelona) жариялаған жазба


Сондай-ақ бұл ойын "Барселонаның" атақты форварды Роберт Левандовскийдің қоштасу матчі ретінде есте қалды. Ойыннан кейін команда польшалық шабуылшыға құрмет көрсетіп, оны аспанға көтерді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

FC Barcelona (@fcbarcelona) жариялаған жазба


Сонымен қатар алаңға Левандовскийдің жары Анна мен қыздары Клара және Лаура шықты. Шабуылшы сезімін тыя алмай, жарының құшағында көзіне жас алды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

FC Barcelona (@fcbarcelona) жариялаған жазба


Еске сала кетейік, Роберт Левандовский "Барселонаға" 2022 жылдың жазында ауысып келген болатын. Осы уақыт ішінде 37 жастағы польшалық шабуылшы барлық турнирде 191 матч өткізіп, 119 гол соқты және 24 нәтижелі пас берді. Каталониялық клуб сапында ол үш мәрте Испания чемпионы атанып, үш рет Испания Суперкубогын және бір рет ел Кубогын жеңіп алды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

FC Barcelona (@fcbarcelona) жариялаған жазба

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus