Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

АҚШ БҰҰ ҚК қарауына Ормуз бұғазы жөнінде қарар енгізбек

Иранды әлемдік саудаға қауіп төндіріп отыр деп айыптаған Вашингтон Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарар қабылдауы қажет деп есептейді. Мұны 5 мамырда АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеді.

Сейсенбі күні тілшілер сауалына берген жауабында Рубио Иран "кеме қатынасына қауіп төндіріп, әскери-теңіз миналарын орналастырып және тарифтер енгізіп "әлемдік экономиканы кепілге алу әрекетін жалғастырып жатқанын" айтты.

АҚШ-тың Парсы шығанағындағы серіктестері қолдаған қарар жобасы Тегераннан "шабуылдарды, миналар орналастыруды және баж алуды доғаруды", миналар қай жерде орналасқанын көрсетуді және гуманитарлық дәліз құруды қолдауды талап етеді. АҚШ қарар "алдағы күндері" дауысқа салынады деп күтетінін мәлімдеді Марко Рубио.

Бұған қоса Рубио АҚШ еркін кеме қатынасын қалпына келтіру үшін Ормуз бұғазы арқылы кеме қозғалысын қамтамасыз етуді жалғастыратын болады деп мәлімдеді.

Ол АҚШ-тың Иранға қарсы жүргізген "Эпикалық қаһар" әскери операциясы аяқталғанын президент Дональд Трамп бұған дейін Конгреске хабарлағанын айтты. Ормуз бұғазындағы қазіргі операция "Бостандық жобасы" деп аталады.

Президент Трамп сейсенбі күні Иранды "ақылмен әрекет жасауға" және осал бітім жағдайында соғысты тоқтату туралы келісімге келуге шақырды. Доғал кабинетінде сөйлеген сөзінде Трамп Иран армиясы "толық күйрегенін" айтып, сондықтан ол ел "жеңілістің ақ туын көтергені жөн" деп мәлімдеді.

Сонымен бірге, Дональд Трамп АҚШ тарабының Иран порттарын құрсауға алғанын жоғары бағалайтынын айтты.

Ал Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) әскери-теңіз күштерінің қолбасшылығы Ислам республикасы бұған дейін белгілеген теңіз дәлізі – Ормуз бұғазы арқылы кеме қауіпсіз өте алатын жалғыз жол деген бұрынғы сөзін қайталады.

Тегеран кеме экипаждарына "бұғаздағы кез келген бағыттың өзгеруі қауіпті және ИРСК әскери-теңіз күштерінің қатал жауабына кезігеді" деп ескертті.

Иран бұл ескертуін АҚШ бейтарап елдердің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге көмектесуге арналған "Бостандық жобасы" миссиясы басталғанын жариялаған соң бір күннен кейін жасады. Ол кемелердің кейбірі АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысына және Иранның бұғазды бұғаттауына байланысты Парсы шығанағында екі айдан астам уақыт бойы тұрып қалған еді.

АҚШ миссиясының алғашқы күні ИРСК күштері бірнеше кемені атқылады, ал Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Фуджейра мұнай портында Иранға қатысты делінетін дрондар шабуылынан өрт шықты.

• Аймақта сәуір айының басынан бері атысты тоқтату туралы келісім күшінде, бірақ теңіз жолы бұғат қойылғаны кеме қатынасын қатты шектеп тастаған. Иран билігі өзі рұқсат етпеген кемелер бұғаз арқылы өте алмайды деп мәлімдеген.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus