Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Грант бар, оқығысы келмейді: Қазақстанда қандай мамандықтар еленбейді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек грант бөлінетініне қарамастан, талапкерлер оқығысы келмейтін негізгі тапшы мамандықтарды атады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұрбектің айтуынша, энергетика саласы кадр тапшылығы байқалатын бағыттардың қатарында. Бұған дейін бұл салаға деген қызығушылық өте төмен болған: мәселен, осыдан үш жыл бұрын бүкіл ел бойынша жылу энергетикасы мамандығына небәрі 8 адам оқуға түскен.
Қазір жағдай жақсарып келеді - өтінім саны 320-дан асты, алайда мамандар әлі де тапшы. Мәселе генерация, жылу энергетикасы және энергетиканың өзге де салалары туралы болып отыр.

"Екінші блок - ауыл шаруашылығы: ветеринария, мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы. Гранттың жеткілікті мөлшеріне қарамастан, талапкерлер бұл мамандықтарды сирек таңдайды. Тартымдылықты арттыру үшін мемлекет қолдау шараларын енгізуде: жалақыны өсіру, көтерме ақы төлеу және ауылдық жерлерде жұмыс істеу үшін ынталандыру тетіктері қарастырылған", - деді Саясат Нұрбек Мәжілісте өткен брифингте.

Үшінші бағыт - су шаруашылығы. Гидрогеологияда, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды - дамбалар мен каналдарды жөндеу және оларға қызмет көрсету саласында кадр тапшылығы байқалады. Мамандарды даярлау үшін қазірдің өзінде жеке бейінді университет құрылды.
Сондай-ақ тар бейінді құрылыс мамандықтарында, әсіресе өнеркәсіптік құрылыста тапшылық бар. Сметашылар, жобалаушылар және күрделі инженерлік бағыттағы мамандар жетіспейді.
Бұдан бөлек, көлік және логистика, әсіресе жеткізу тізбегін цифрлық басқару саласындағы кадрлар сұранысқа ие.
Жаңа әрі перспективті бағыттар арасында министр атом энергетикасын (соның ішінде ядролық физиктер мен реактор операторларын), сондай-ақ авиация мен ғарыштық технологияларды - ұшқыштардан бастап ұшқышсыз ұшу аппараттары бойынша мамандарға дейін ерекше атап өтті.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдылары жоқ оқытушылар “тиімсіз“ деп аталды

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus