Трамп пен АҚШ-тың бірінші ханымы Вашингтондағы кешкі астан шұғыл эвакуацияланды
Телеарнаның мәліметінше, жиналғандардың кейбірі бірнеше қатты дауыс естігенін хабарлады, бірақ оның қайдан шыққанын анықтай алмаған.
Құпия қызмет агенттері Washington Hilton қонақүйінің бал залын қоршауға алды, ал аң-таң болған журналистер, шенеуніктер мен құрметті қонақтар үстелдердің астына тығылды.
The New York Times газетінің хабарлауынша, президенттің жараланғаны туралы ешқандай хабар жоқ.
Басылым қонақтар кешкі асын іше бастағаннан кейін шамамен бес минуттан соң залдың артқы жағынан шу шыққанын жазады. Кейін қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері қатарлардың арасымен президент отырған сахнаға қарай жүгірген.
ҚАЗІР: Президент Дональд Дж. Трамп пен бірінші ханым Мелания Трамп Ақ үйдегі тілшілер қауымдастығының кешкі асына келді! ???????? pic.twitter.com/FFZGCClln6
— Ақ үй (@WhiteHouse) 26 сәуір, 2026 жыл
Вашингтон округі бойынша АҚШ прокуроры Жанин Пирро Х әлеуметтік желісінде "оқ дауыстарынан кейін" өзін басты бал залынан біреулер алып шыққанын айтты.
"Қазір Құпия қызмет бұл ғимаратты, осы қонақүйді толық бақылауында ұстап отыр", — деді ол.
Washington Hilton-нан жаңа деректер pic.twitter.com/4vx3A1iWmw
— АҚШ прокуроры Пирро (@USAttyPirro) 26 сәуір, 2026 жыл
Америкалық БАҚ мәліметінше, Трамп бұл кешкі асқа АҚШ президенті ретінде алғаш рет қатысып отыр.