Білім мен ғылымды ұштастырған зияткерлік кеңістік
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – еліміздің білім беру, ғылым және инновация саласындағы ең беделді оқу орындарының бірі. Уақыт өте келе университет білім мен ғылымның тоғысқан орталығына айналып, еліміздің интеллектуалдық әлеуетін көтеруде айрықша рөл атқарып келеді. ҚазҰУ-дың тарихи миссиясы – сапалы білім бере отырып, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу.
Білім ордасы халықаралық рейтинг жүйелерінде жоғары орындарға ие бола отырып, білім беру сапасын танытып отыр. Бұл – профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми әлеуеттің нәтижесі ғана емес, сонымен бірге жаңашылдыққа, зерттеушілікке және үздіксіз даму мәдениетіне негізделген жүйелі жұмыстың жемісі. ҚазҰУ-дың педагогтары – ғылым докторлары, PhD ғылыми...