Назым Қызайбайдың Әлем кубогіндегі жекпе-жегі: тікелей көрсетілім
Күндізгі сессия
54 келіге дейін (әйелдер): Назым Қызайбай - Виктория Рогалиньска (Польша), 1/8 финал, 3-жұп (А рингі);70 келіге дейін: Фарух Тоқтасынов - Севон Окадзава (Жапония), 1/8 финал, 9-жұп (А рингі).
Кешкі сессия
60 келіге дейін (әйелдер): Виктория Графеева - Эмили Рзаева (Әзірбайжан), 1/8 финал, 3-жұп (А рингі);70 келіге дейін (әйелдер): Наталья Богданова - Бусеназ Сюрменели (Түркия); 1/8 финал, 5-жұп (А рингі);50 келіге дейін: Даниял Сәбит - Иштван Сака (Венгрия), 1/8 финал, 10-жұп (А рингі);80 келіге дейін: Диас Молжігітов - Марлон Севехон (Австралия), 1/8 финал, 14-жұп (В рингі).
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) жариялаған жазба
Қазақстан құрамасы жекпе-жектерінің тікелей көрсетілімі
Бокстан Әлем кубогі кезеңіндегі жекпе-жектердің тікелей трансляциясын Panam Sports арнасының сайтында және Бразилия бокс федерациясының YouTube арнасынан көруге болады.
Еске сала кетейік, 1/16 финалда Назым Қызайбай түркиялық қарсыласы Айсен Таскинді айқын басымдықпен жеңген болатын. Жекпе-жек толық аяқталып, отандасымыз төрешілер шешімімен (4:1) жеңіске жетті.70 келі салмақ дәрежесінде Фарух Тоқтасынов ирландиялық Джон Макконнеллге қарсы кездесуде екі рет нокдаунға түскеніне қарамастан, жеңісті жұлып алды.
Ал 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Диас Молжігітов жапониялық Кай Ториабені нокаутқа түсіріп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) жариялаған жазба
Қазақстандық өзге қатысушылар турнирдің 1/8 финалына жеребе нәтижесі бойынша бірден жолдама алған болатын.
Еске сала кетейік, турнир 2026 жылдың 26 сәуіріне дейін жалғасады. Жарысқа Қазақстаннан бөлек 50-ден астам елден 400-ге жуық боксшы қатысады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) жариялаған жазба