«Жырмен өрілген өмір» – жүректерге жол тапқан рухани кеш
Қазақтың кең даласында ғасырлар бойы үзілмей жалғасып келе жатқан асыл мұраның бірі – жыр өнері. Жыр – халықтың жаны, рухы, тағдыры. Сол қасиетті өнерді жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың жүрегіне поэзияның шуағын ұялату – бүгінгі ұстаздар қауымының басты міндеттерінің бірі. Осы игі мақсатты көздеген мектебімізде көрнекті ақын Көмек Ыбырайұлының шығармашылығына арналған «Жырмен өрілген өмір» атты әдеби-сазды кеш ерекше әсермен өтті.
Бұл тағылымды кешті жүргізген – білікті ұстаз Малдибаева Айман Садуакасовна. Ол аталмыш шараны 5 «А» сынып оқушыларының арасында жоғары деңгейде ұйымдастырып, әрбір бөлімін терең мазмұнмен, ерекше ықыласпен өрнектей білді. Кештің әр сәтінен ұстаздың шәкірттеріне деген сүйіспеншілігі мен өнерге деген құрметі...