Қызым ибалы, ұлым намысты болсын десең…
«Ұлт тәрбиелей отырып – жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып – ұлтты тәрбиелейміз» деген Платон даналығы – тәрбие атты ұлы ұғымның терең мағынасын айқындайды. Шынында да, ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағын қалыптастыратын ең маңызды, ең жауапты міндеттердің бірі. Өйткені бүгінгі бала – ертеңгі ел иесі, қоғам тірегі, мемлекет болашағы.
Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне айрықша мән берген. «Баланы жастан» деп, ұрпақтың бойына ізгі қасиеттерді ерте жастан сіңіруді мақсат тұтқан. Халық даналығында «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген нақыл сөздердің болуы – отбасы тәрбиесінің маңызын айқын көрсетеді. Демек, баланың алғашқы мектебі –...