Менің өмірдегі ең үлкен бақытым – жүрек қалауымен ұстаз атану
Адам өмірінде сан түрлі таңдау бар. Алайда солардың ішінде жүрекпен таңдалған жол ғана адамды шынайы бақытқа жетелейді. Мен үшін ол – ұстаздық жол. Осы қасиетті мамандыққа деген сүйіспеншілігіме негіз болған ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби айтқан «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген даналық сөзі. Бұл қағида менің өмірлік ұстанымыма айналып, бар ғұмырыма бағыт-бағдар беріп келеді.
Мен Сыр өңіріндегі Шардара қаласында, Сырдарияның жағасында өсіп-жетілдім. Балалық шағым табиғаттың әсем көріністерімен астасып, өзеннің сыңғырлаған үнімен өрілді. Сол бір тыныш та тұнық орта менің мінезіме сабыр, жүрегіме мейірім ұялатты. Осындай ортада өскен менің жүрегімде үлкен армандар бүр жарып, сол армандардың ең асылы...